ДЕРТ ДЕНДЕМЕСІН ДЕСЕК, АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат. Ол індетпен күресу баршамыздың міндетіміз.
Халыққа қызмет көрсетушілер өз қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметін асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау және осы сынды теріс әрекеттің барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сондықтан онымен күрес тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді даму үстіндегі және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.
Нұршат ҚҰЛАНБАЕВА,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ
Жалағаш аудандық филиалының архивисі