Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық заманауи қоғамның өзекті мәселесі болып табылады. Ол үнемі терең зерттеуді, белсенділікті және оған қарсы тұруды қажет етеді. Осыған орай еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді.
Аталған заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Әкімшілік және конституциялық реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және оның көріністеріне мүлдем төзбеушілік сезімін қалыптастыру болып табылады. Мемлекет осы қауіпті құбылыспен қатаң және жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу. Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе, ымырасыз күрескеніміз дұрыс.
Куляим КАИПБАЕВА,
Жалағаш аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы