» » Жаңа жыл мейрамынан кейін тақырға отырып қалмаудың алты жолы

Жаңа жыл мейрамынан кейін тақырға отырып қалмаудың алты жолы

Жаңа жыл нағыз отбасылық әрі шығыны көп мейрам екені белгілі. Жақындарыңыз бен достарыңызға, әріптестеріңізге сыйлық жасау, мерекелік дастархан даярлау мен үйді безендіру, қалтаңызды жұқартатыны анық. Ал жаңа жылдан кейін жалақы алғанша күн санап, тақырға отырып қалмау үшін не істеу керек? Бұл туралы біздің материалымыздан оқи аласыздар. 


Жусан

Жаңа жыл мерекесіне бір айдан аз уақыт қалды. Қазақстандықтар осы бастан мейрамға дайындалуда. Десек те жаңа жылға орай көп шашыла бермей, ақшаңызды ұқыппен жұмсаған жөн. Себебі мереке өткеннен кейін қаржылық қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. 

Бірінші кеңес: Алдын ала кететін шығындарды есептеңіз. 
Мерекелік күнге кететін шығындарды алдын ала есептеп жазып қойыңыз. Әрине, жаңа жылға дейін ақша жинау да артық етпейді. Өйткені мейрам жақындағанда шығындарыңыз да көбейеді. Бұған қоса, мамандар шығындарды бірнеше топқа бөлуге кеңес береді. Мысалы, жұмсалатын қаражатты мақсатына орай, үш топқа орналастыруға болады: "мерекелік дастарханға", "сыйлықтарға", "ойын-сауыққа". Осылайша сіз шығын көлемін біршама уақыт бұрын қадағалап, қажет емес дүниелерге арналған соманы қысқарта аласыз. 

Екінші кеңес: Кез келген заттың бағасын салыстыруды ұмытпаңыз
Қазіргі таңда түрлі дүкендер мен қызметтердің интернетте, оның ішінде, әлеуметтік желіде көз сүрінетін неше түрлі жарнамаларын кезіктіреуге болады. Әрбір адам жаңа жылдық жеңілдіктер мен керемет ұсыныстарды көрген қызығып кететіні жасырын емес. Бірақ бірінші көрген затты бас ұрып, сатып алуға асығудың қажеті жоқ. Алғашқы кезекте тауарды басқа да дүкендерден іздеп, өзіңізге тиімді бағамен сатып алыңыз. Бір айта кетерлігі, жаңа жылдық сыйлықтарды мереке қарсаңында емес, біраз уақыт алып қойған әлдеқайда ұтымдырақ болады. 

Үшінші кеңес: Науқандар мен жеңілдіктерден хабардар болыңыз
Бонустық карталар, билеттер мен купондарды қолдануды ұмытпаңыз. Егер жақындарыңызда, достарыңызда немесе басқа да таныстарыңызды сіз тауар сатып алайын деп жатқан дүкеннің жеңілдік картасы болса, сұрауға ұялмаңыз. Сонымен қатар, жаңа жылға кететін шығындарды банк карталарының cash-back және бонус жүйесі сынды пайдалы қызметтері қысқартуға көмектеседі. 

Төртінші кеңес: Жарнамаларды мұқият оқыңыз
Кейбір дүкендер өз жарнамаларында 90%-дық жеңілдіктер деп жазып қоюы мүмкін. Алайда жарнаманы мұқият оқитын болсаңыз, онда "90%" дегені үлкен қаріптермен, ал "дейінгі" деген сөз майда қаріптермен жазып қояды. Көп жағдайда клиенттер үлкен сандарды көргенде бірден сеніп, заттардың шын бағасына мән бермей жатады. Әсіресе, жарнама берушілер жаңа жыл алдындағы қарбалас сәтті ұтымды пайдалануға тырысады. Сауда жүріп тұрған кезде кім тауарды 90% жеңілдікпен сатады деп ойлайсыз? Сондықтан жарнаманы көргенде логикаңызды іске қосуды ұмытпаңыз. 

Бесінші кеңес: Барынша үнемдеуге тырысыңыз
Көптеген қазақстандықтар жаңа жылдық мейрамды барынша шығынданып тойлағанды жөн көреді. Тіпті біреулер жаңа жылды мол дастархан, жаңа жылдық отшашулар, қымбат сыйлықтар, үлкен шырша мен үйге арналған басқа да әшекей бұйымдарсыз елестете алмайды. Осы тұрғыда тек кешке тауыса алатын тамақ әзірлеп, сыйлық таңдағанда ең қажеттісіне ғана көңіл аударған жөн. Бұдан бөлек, ақша үнемдегіңіз келсе, қымбат отшашу мен әшекейлерден де бас тартуға болады. Бұл дегеніміз, әрине, жаңа жылда үйден шықпай қамалып отырыңыз деген сөз емес. Дегенмен ертеңгі күнді ойлап шашыла берудің қажеті шамалы. 

Алтыншы кеңес: Ыңғайлы мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Банктерде cash-back жүйесі бар карталардан бөлек, бөліп төлеу карталары да қарастырылған. Мәселен, Jýsan Bank ұсынатын бөліп төлеу картасы арқылы дастарханға арналған азық-түлікті, туған-туыстарыңызға деген сыйлықтарды сатып алуға болады. Бір айта кетерлігі, сіз аталған картаны әлемнің кез келген мемлекетінде қолдана аласыз. Ең ыңғайлысы, бөліп төлеу картасының төлем мерзімін үш айдан он екі айға дейінгі аралықты таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Ал қарыз сомасы 20 мың мен 1 миллион теңге аралығын құрайды. Картаны жасату тегін, ол үшін, тіпті, үйден шығудың да қажеті жоқ. Jýsan мобильді қосымшасын жүктеп, картаға тапсырыс берсеңіз жеткілікті. Толық ақпаратты Банктің сайтына кіріп оқи аласыдар. 

Жаңа жылға дайындалуыңызға еншіңізде бір айдан аз уақыт бар. Мерекеге қамданғанда қажетті тізім құрастырып, жеңілдіктері бар карталар мен купондарды қарай жүріңіз, жаңа жылдық жарнамаларды оқығанда мұқият болыңыз. Бұған қоса, бөліп төлеу картасының мүмкіндігі жайлы ұмытпаңыз. 


stan.kz
21 желтоқсан 2020 ж. 435 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930