"Әлем аруы" байқауында Қазақстанның намысын кім қорғайтыны белгілі болды
Халықаралық "Әлем аруы" байқауында Қазақстанның намысын Қызылорда тумасы Камилла Серікбай қорғайтын болды. Сұлулық байқауы сәуір айында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, "Қазақстан аруы" байқауы былтырдан 2021 жылға шегерілген еді. Қазақстанның атынан шығатын Камилла Серікбай 2019 жылы "Қызылорда аруы" атанған. Ол карантин кезінде қайырымдылықпен айналысып, әділқазылардың көзіне түсіпті. Осыған орай, "Қазақстан аруы" байқауының ұйымдастырушылары халықаралық жарысқа қызылордалық бойжеткенді жіберуді жөн көріпті."Әлем аруы" байқауында Камилла еліміздің үмітін ақтайтынына сенімдіміз", - дейді қазақстандық әділқазылар.
Камилла Серікбай - Сүлейман Демирел атындағы университетінің тәлімгері, каратэден спорт шебері.
Айта кетейік, 2019 жылдан бері "Әлем аруы" атағы Оңтүстік Африка Республикасының тумасы Зозибини Тунзиге тиесілі.