» » САЯСИ НАУҚАНДА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

САЯСИ НАУҚАНДА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Бүгін республикадағы барлық сайлау учаскесі ертемен жұмысын бастады. Әр участікке тиісті тұрғындар белсенділік танытып, өз дауыстарын беруде. Аудан орталығындағы Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінде орналасқан №131 сайлау участігіне келушілер қатары көп.

– Сайлау науқаны әділ өтуде. Ешқандай кемшілік байқағаным жоқ. Қарап тұрсаңыз, тұрғындар да белсенділік танытуда. Мен де кент тұрғыны ретінде, Қазақстан азаматы ретінде қалаған партияма дауыс бердім. Саяси науқанда барлығына сәттілік тілеймін, – дейді кент тұрғыны Жұлдыз Қырықбаева.

Айта кетейік, сайлау науқаны өтіп жатқан №131 сайлау участігінде карантиндік ережелерге сәйкес барлық санитарлық талаптар сақталған. Ғимаратқа медициналық бетпердемен кіру талаптары қатаң сақталған. Сондай-ақ участікке келушінің дене қызулары өлшенуде.
10 қаңтар 2021 ж. 509 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930