» » «АМАНАТ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«АМАНАТ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Қазақстан басты саяси науқан Президенттік сайлауға дайындық үстінде. Алдағы сайлау – ел дамуы үшін аса маңызды қадамдардың бірі. «Аманат» азаматтық платформасы сайлау үдерісін қоғамдық бақылау үшін құрылған. Бұл ашық, әділ сайлау өткізуді қалайтын Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі.
Жуырда ауданда алда келе жат­қан сайлау науқанына байланыс­ты ­«Аманат» азаматтық платформасы жұмысы аясында семинар-тренинг өтті. Сайлау туралы құқықтық талаптарға сәйкес ақпарат беру, сайлаушылар мен бақылаушылардың міндеттерін құқықтық негізде түсіндіру, жергілікті сайлау комиссиясымен өзара бірлескен іс-қимылдар жасауға негізделген семи­нарға отыз тәуелсіз бақылаушы тартылды.
Басқосуда арнайы мамандар плат­­­форманың негізгі 5 аманаты, тең­­­­дік, саналы таңдау, әділдік, келі­сім­ және ынтымақтастық турасында түсіндіріп өтті. Мұнан соң мобильді ка­пи­тан­дар­дың бақылаушылармен, олар­­­дың сайлау кезіндегі құқықтары мен мін­­деттері кеңінен айтылды. «Аманат»­ АП жұмысына қызығушылық танытып, сайлауға бақылау жасауға ниетті тәуелсіз бақылаушылардың қатарын орта жасы 41-ге таяған жеке кәсіпкерлер, көп балалы аналар, қоғам белсенділері толықтырады. «Туған жерім, тірегім», «Темірқазық», «Бала күлкісі» қоғамдық бір­­­лестіктері платформаның аудан­ ­бойын­ша өз дәрежесінде жұмыс атқа­руына атсалысуға белсенділік танытатынын жеткізді.

«ЖЖ» ақпарат.

24 мамыр 2019 ж. 1 329 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930