» » ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

Сәрсенбіде әкімдіктің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 36-сессиясы өтті. Депутат М.Жаманов төрағалық еткен сессия отырысында аудандық сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы мәселе қаралды.

Көтерілген мәселеге орай аудандық мәс­ли­хат депутаты М.Құлболдиев хабар­лама жасады. Халық қалаулысының айтуынша, аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 9 сәуірдегі 30-сессиясында аудан­дық, округтік және учаскелік сайлау ко­мис­сияларының мүшелері жасақталған бо­латын. Еліміздің Сайлау туралы Конс­ти­­­туциалық Заңының 10 бабында сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жыл екені айтылған. Сондай-ақ, сайлау комиссияларының жаңа құ­рамын құру сайлау комиссияларының өкі­лет­тiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұ­рын басталатыны және әрбiр саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктер тиiстi сайлау ко­миссиясының құра­мына бiр кандидатура ұсы­нуға құ­қығы бар екені көрсетілген.
Осыған орай, «Жалағаш жар­шысы»­ газетінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №91 санында аудан бойынша сайлау ко­мис­сияларының жаңа құрамы құры­латыны туралы хабарлама да берілді. Онда комиссия мүшелері саяси партиялардың неме­се өзге қоғамдық бiрлес­тiк­тердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайланатыны, ұсы­ны­ла­­тын құжаттар тізімі, ау­дандық ­мә­с­­­­­­­­ли­хаттың мекен жайы мен ұсыну мерзімі көрсетілген болатын.
Көрсетілген мерзім ішінде ау­дандық сай­лау комиссиясының құ­ра­мына «Нұр Отан» партиясынан Садық Әлиев, Қазақс­тан­ның “Ақ жол” демократиялық партиясынан Өмірбек Бекмолдаев, “Қазақстан Коммунистік халық” партиясынан Әсия Мәдиева, «Ауыл» ХДП партиясынан Табынбай ­Ахметов, «Бірлік» саяси партиясынан Мұрат Жанабергенов, аудан жастарының «Темірқазық» қоғам­дық бірлестігінен Ақбөпе Бектаева және «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінен Әсия Құлым­баеваның кандидатуралары ұсы­­нылды.
Осы сынды мәліметтерді алға тартқан М.Құлболдиев аудандық сайлау комиссиясына ұсынылып отырған кандидатураларды ашық дауыс беру арқылы сайлап, ше­шім жобасын бекітуді ұсынды. Мәс­­­­­­­­ли­хат депутаттары бірауыздан қол­дау білдірді.
Учаскелік сайлау комиссия­­­ла­­рын сай­лауға байланысты мә­се­ле аудандық мә­слихаттың тұ­­­рақты комиссияларының оты­­­ры­­сында қаралғандықтан депу­тат­тар қай­та қараудың қажеті жоқ­ деп тапты. Бұл жөнінде “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева мен мәслихат депу­таты К.Сүлейменов өз ойларын білдіріп, көтеріліп отырған мәселені қолдауға болатынын айтты. Басқа да халық қалаулылары бірауыздан қолдады.

М.АХМЕТОВ.

12 қаңтар 2019 ж. 781 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031