ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 7 күні «Нұр Отан » партиясы Жалағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдауының кестесіне сәйкес №7 «Бұқарбай батыр» сайлау округінің аудандық мәслихат депутаты Әбдіқадыров Елубай Бижұмаұлы өз сайлау округінде Таң ауылдық мәдениет Үйі ғимаратында азаматтардың жеке өтініштері бойынша қабылдау жүргізілді. Қабылдауда Таң ауылының Естай молда №3 үй тұрғыны Б.Мұсаев болып, «Жаңақоныс» елді-мекенінен №118 орта мектепке оқушыларды тасымалдайтын автокөліктің тозығы жеткендігін,қыс айларында қиындық тудырып жүргендігі сөз болды. Бұл мәселенің 2018-2019 оқу жылында оң шешімін табатындығы түсіндірілді. Н.Байтөреев - « Жаңақоныс » елді-мекен 13/2 үй тұрғыны, «Жаңақоныс» елді- мекенінің ауыз су мәселесін қозғады. Бұл сұрақ бойынша Таң ауылдық округ әкімі Ә.Байнахатовпен хабарласып 2018 жылғы ауыз су мәселесіне қажетті жобалық сметалық жоспарына 3млн 700 мың теңге қаржы қаралып, «Алаш дизайн» ТОО мекемесі жұмыс жасап жатқандығы баяндалды.
Пікір 1