» » » Бізді алда жауапты кезең күтіп тұр

Бізді алда жауапты кезең күтіп тұр

    
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы қабылдаған шешімі өте жа­уапты әрі маңызды қадам деп есептеймін. Себебі қазіргі жағдайда Президент сайлаудан өтпегеннен кейін бір белгісіздік кезең пайда болып отыр. Мемлекет басшысы сайлау­дан өтіп, халқымыздың мандатына ие болғаннан кейін ғана ол толыққанды өз билігін іске асыра алады. Сол себепті кезектен тыс болатын сайлау үлкен маңызға ие. Еліміздегі қазіргі жағдайды билік транзитінің заңды жалғасы деп түсінуге  болады. Бүкілхалықтық заңды сайлау өткізудің, еліміздің заңды Президентін сайлаудың тарихи мəні зор. 
      Еліміздің əлеуметтік-эконо­микалық даму қарқынын сақтау үшін билік ауысымы үдерісін барынша тезірек аяқтау қажет. Сол кезде ғана ұзақ мерзімді міндеттер мен күн тəртібіндегі əлеуметтік маңызды бағдарламаларды, жобаларды жүзеге асыру жоспарында айқындылық орын алады. 
       «Ертеңге елеңдемей, ел экономикасының дамуына еңбек ету үшін кезектен тыс сайлау керек», – деп санаймын. Қарапайым халықтан бастап еліміздегі ірі бизнесмендер мен инвесторлардың көкейінде «Алдағы уақытта тұрақты түрде қай Президентпен жұмыс істейміз?» деген сұрақ бары анық.   Екіншіден, сайлау өткізу арқылы көптеген мәселенің түйіні тарқатылады. Үшіншіден, келер жылы халық санағы өткізіледі. Сайлау науқаны сол санақпен қабаттаспау үшін де биыл өткені жөн.
    Қалың көпшілік, жалпы Қазақстан халқы сайлау қашан болады деп елеңдеп жүрген еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы үндеуі елдің ішін күбірлеткен көптеген сұраққа нүкте қойды. Өз басым сайлаудың ерте өткені дұрыс деп білемін. Оның себебі, қанша айтқанмен халық болып сайлаған Мемлекет басшысының беделі, оның өзіне деген сенімі берік болады. Екінші жағынан, өзі сайлаған басшының соңына халық ереді, қолдайды. Сөйтіп екі жақтың бірбіріне деген үйлесімі, ынтымағы бекиді. Бұл сайлау ұлыстың ұлы шарасының қаншалықты маңызға ие екенін көрсетеді. Ел тұтқасын ұстайтын Мемлекет басшысын сайлау адамның да, қоғамның да өміріндегі ең бір жауапты сəт, жауапты қадам деп білемін. Өйткені ел сайлаған Президент сол елдің атынан, тұтас бір ұлттың атынан шешім қабылдайды. Ал ол шешім бүкіл мемлекетке əсер ететін болады.
      Он сегіз миллион Қазақстан халқы кімді сайласа, сол сайланған басшының шешімі он сегіз миллион халықтың тағдырына əсер етеді. Мінеки, сондықтан да барлық азамат сайлауға барынша қатысуы керек. Сөйтіп ертең күңкілдемес үшін, өкпелемес үшін өзің шешім қабылдауың қажет. Кімді сайлайсың, кімге бала-шағаңның тағдырын, еліңнің тағдырын сеніп тапсырасың? Міне, нағыз жауапты сəт сол.       Сол күн – Қазақстан халқы, оның сайлауға қабілетті азаматтары тарихи шешім қабылдайтын күн.          Яғни, сен бес адамды басқарсаң да, бес миллион адамды басқарсаң да сенің əрбір шешіміңе адамның тағдыры байланып тұр, сен адамның тағдырын шешесің деген жауапкершілік, аманат тұр. Ең бірінші сайлаушы қателеспеуі керек. Өйткені сен сайлаған үміткер – ертең өз қолымен тарихты жасайтын тұлға. Сондықтан халық мүмкіндігінше кəсіби тұлғаны, тəжірибелі тұлғаны таңдауы керек.
   Бәрін айт та, бірін айт. Кезектен тыс Президент сайлауы Қазақстан экономикасы үшін, елдің мүддесі мен халықтың әл-ауқатының тұрақты дамуы үшін өткізіледі. Бастысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, әділ әрі ашық өтетін болады.
Дархан Ильясов,
Темірбек Жүргенов атындағы 
№123 мектеп-лицей директорының орынбасары.
17 сәуір 2019 ж. 693 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930