» » ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

Пробация қызметінің есебіне алынған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі жұмыстар атқарылуда.

Жалпы аудан бойынша пробация қызметінің есебінен белгілі бір қызмет атқару құқығынан айырылғандар 7, қоғамдық жұмыс жазасы 9, бас бостандығын шектеу жазасы 62, шартты түрде сотталғандар 13, жазаны орындау кейінге қалдырылған 2.   Есептік кезеңнің соңында 46 адам есепте тұрған. Сонымен қатар пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандардың тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, түрлі көмектер көрсетілуде. Жыл басынан бері аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп сотталғандардың мекен-жайларын аралап, тексеру жұмыстары жүргізілді. Сотталғандардың қылмыстық құқық бұзушылыққа бейімділігін зерделеп, психолог мамандардың тексеруінен өтіп, мінез-құлықтары бақылауға алынуда. Бақылап, қадағалау жұмыстарының нәтижесімен және пробация қызметінің заңды талаптарын орындап, жаза тәртібін бұзылуына жол бермеген азаматтардың бағалау санаты ай сайын талдау жүргізіліп, мониторинг жасалуда.
Сонымен қатар ҚР Президентінің 2020 жылы «Еріктілер жылы» деп жариялануына байланысты аудандық пробация есебіндегі сотталғандардан еріктілер тобы жасақталды. Темірқазық қоғамдық қорынан еріктілер бөлу жұмыстары жүргізілді. Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі  төрт жазасын өтеуші мен Темірқазық қоғамдық қорынан еріктілер бірігіп, Жалағаш кенті, Уалиханов көшесінде орналасқан №45 үй тұрғыны  Б. есімді жалғызбасты қарт ананың үй шатырын жаңартты. Еріктілер тобы аудан ішіндегі тарихи ескерткіштерді жаңарту жұмыстарында да игі істер атқарды. Есептегі Шыңғабай Мұхамедәлі өзінің тұрғылықты көшесінің жастарымен бірігіп, тұрмысы төмен отбасыларына азық- түлік жеткізіп тұрғындардан алғыс алуда. Еріктілер қатарынан есептегі жеке кәсіпкер «Бірлік» ШҚ басшысы Тайбагаров Казыбек Ердибекович Мәдениет ауылын және ауыл ауруханасын іңдетке байланысты дәрілеу, тазарту жұмыстарына техника бөліп отыр. Сонымен бірге Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп есептегі А.Елшібай, ПДУ-5 көшесінің тұрғыны  Буланова Елена есімді жалғызбасты ананың тұрғын үйінің ішкі жөндеу жұмыстарын жасады. Жалағаш аудандық пробация есебіндегі жазасын өтеушілер қоғамға өз тарапымыздан көмегіміз тисе деген ниетпен «Еріктілер» жылында осындай игі істер атқаруда.
Алдағы уақытта пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардың қайта әлеуметтендіру және профилактикалық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілетін болады. Алда атқарылатын жұмыстар қатарында пробация қызметінің ұсынуы бойынша Б.Таженов, Н.Уақбаевтар тегін медициналық тексеруден өткізілуі қажет. Дегенмен, сақтандыру қызметі бойынша қаражат төленбеуіне байланысты өткізуге мүмкіндік болмай отыр. Осыған ретте, Үкімет қаулысының негізінде өткізуге тиісті санаттағы адамдардың тегін өту мүмкіндігін заң аясында қарастыру, пробация қызметінің штаттық бірлігінде сотталған азаматтардың психологиялық тұрақтылығын анықтап, тиісті шаралар қолданатын психолог маманның тапшылығына байланысты, аудандық емханадан психолог маманды сұрату арқылы тексеру жұмыстарын өткізіп келеміз. Алайда түзеу мекемелерінен босатылған азаматтардың жеңіл қаражат табуды көздеп, әлімжеттік жасап жасөспірімдерге қауіп төндіру жағдайлары кездесуде. Осының негізінде пробация қызметіне ай сайын аудан көлемінен психолог бөліп, зерделеу жұмыстарын күшейту мақсаты тұр.

Е.АСҚАРОВ,
Жалағаш аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, 
әділет майоры                                                                                      
        
18 қаңтар 2021 ж. 467 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930