ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жалағаш ауданының прокуроры М.Бекпановтың төрағалығымен және Жалағаш аудандық пробация қызметкерлерінің қатысуымен бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен кездесу өтті. Мақсат – есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету және қайта құқық бұзушылыққажол бермеу.
Айта кетейік, аудандық пробация қызметінің есебінде бүгінде 44 тұлға есепте тұрады. Аталған тұлғалармен кездесу барысында есепте тұрған тұлғаның жаңа қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасамауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі және жекелеген құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдатылғаны туралы құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде мұнан бөлек жұмысқа орналастыру, денсаулық сақтау, кәсіби мамандығы жоқ сотталғандарды кәсіптік оқыту және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру, кәсіпкерлікпен айналысуға жәрдем көрсетуге байланысты әлеуметтік көмек алу құқықтары түсіндірілді. Жиында есепте тұрған тұлғалардың көкейінде жүрген сұрақтары мен пікірлері тыңдалып, құқықтық көмек көрсетілді. Осы форматтағы іс-шара есепте тұрған тұлғалар арасында қолдау тауып, ай сайын жиын өткізу туралы шешім қабылданды.