Қызылордалық полицейлер Шалқияда рейд өткізді
Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, криминогендік ахуалды тұрақтандыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 66 қызметкер жұмылдырылды.
Іс-шара барысында Шалқия кентінде орналасқан жалпы 707 пәтерлер мен жеке үйлердің 689-ы тексерумен қамтылып, тұрғындардың тізімдері алынды. Тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, қойылған сұрақтары бойынша шешімдер қабылданды.
Жеке аңшы қаруы бар 13 тұлғаның қарулары тексеріліп, қаруды сақтау ережесін бұзғандары үшін 3 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жалпы 36 075 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен бірге, әртүрлі құқық бұзушылықтар жасағандары үшін 26 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен (белгіленбеген орында сауда жасау) – 1, 492-бабымен (мекен-жайда тіркеусіз тұру) – 1, 593-бабының 2-бөлігімен (қауіпсіздік белдігі) – 7, 612-бабымен (автокөлікті құжатсыз басқару) – 8 дерегі орын алды.
Аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 9 тұлға мекен-жайларынан тексеріліп, олармен қылмыс пен басқа да заңға қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу туралы профилактикалық бағытта әңгімелер жүргізілді.
Кент орталығында орналасқан мекемелер мен жеке тұлғаларда келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жүрген 9 азаматтардың (Ресей – 4, Армения – 1, Өзбекстан – 4) елімізде заңды болулары тексеріліп, нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 4 азаматтары анықталып, Жаңақорған АІІб-не жеткізілді.
Аталған бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын таба береді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікір 1