«Автобус» профилактикалық шарасының 3 күнінде 388 заң бұзушылық анықталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес облыс көлемінде 2018 жылы шілде айының 16 мен 18 аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру.
Іс-шара облыс көлемінде көлік жолдарында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Сонымен қатар, Көліктік бақылау басқармасы көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні мединалық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарланған болатын.
Жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 388 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, 20 – мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 590-бабы, 9-бөлігі), 19-і –жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 571- бабы 2-бөлігі), 17-і – сақтандыру полисі жоқ күйінде көлiк құралын басқару дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 612 б.), 29-і - көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 592-бабы), 9-і - заңсыз көлік құралын қайта жабдықтау бойынша(ӘҚБтК-нің 590 бабы 7 бөлігі) заң бұзушылықтар орын алған.
Профилактикалық іс-шара жалғасын табуда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікір 2