» » ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Д.Катаевтың төрағалығымен аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен кездесу өтті. Кездесу барысында қайта қылмыс жасауды болдырмау, оларды жұмысқа орналастыру, кәсіби мамандықтарға оқыту, кәсіп ашуға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен қажетті медициналық ем қабылдау, психологиялық-әлеуметтік көмек алу жолдары түсіндірілді.

Жиында мұнан бөлек Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі және жекелеген құқық бұзушылықтар үшін жазаның қатаңдатылғаны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында есептегі тұлғалардың сұрақтары мен пікірлері тыңдалып, құқықтық көмек көрсетілді. Оған қоса, облыс прокурорының орынбасары Д.Катаев қызыл санатта тұратын сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларына бару арқылы олардың отбасы мүшелерімен кездесіп, тұрмыстық жағдайларымен танысты. Аталған іс-шара ай сайы өткізіліп тұратыны туралы шешім қабылданды.
23 ақпан 2020 ж. 459 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930