«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖАСТАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЛТТЫҚ БАҒДАРЛАМА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Кеше ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Елбасы қорының бастамасымен «Ел Үміті» жобасы аясында «Елбасы медалі» жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық бағдарламасы бастауын алған болатын.
«Елбасы Медалі» жобасы - жаңа білім алу үшін барлық шекаралар мен кедергілерді жоятын Қазақстандағы алғашқы бағдарлама болды. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
Жобаның міндеті - әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау. Бағдарлама әрбір қатысушы өз бейімділігін таба алатындай, өзін-өзі бағалай алатындай, өз ісінің үздігі, өз саласында көшбасшы бола алатындай, дербес тұлға бола алатындай және оған айналасындағыларды үйрету.
Бағдарламада 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар жастар қатыса алады. Алғашқы жылы 11 мыңнан астам қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшыны қамтыды. Қатысушылардың жалпы санының 23% ауыл балалары.
Бағдарлама әлемдік тәжірибеге негіздеп жасалынған. Мысалға өткен ғасырдың 50-ші жылдарында құрылған «Эдинбург Герцогы сыйлығы» бағдарламасын атап өтуге болады. Қатысушылар түрлі салаларда – спорт, мәдениет, еріктілер, зерттеулер мен т.б. кезеңдерден өтіп, алтын, күміс, қола медальдарға таласады. Жоба жеңімпаздары тек Ұлыбританияның жоғары оқу орындарына ғана
емес, сонымен қатар әлемнің басқа елдерінің жоғары оқу орындарына түсу кезінде, сондай-ақ жұмысқа орналасу кезінде жоғары бағаланады.
«Елбасы медалінің» иегерлері де алтын, күміс, қола деңгейде өз бақтарын сынай алады. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен баллдары тең болған жағдайда білім беру грантын алуға, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттер құрамына қабылдануға басымдыққа ие бола алады.
Бағдарлама қатысушыларының қайда тұратыны - қалада немесе ауылда, аттестатта оқу үлгірімі қалай бағаланған, қандай оқу немесе жұмыс өтілі бар екендігі маңызды емес. Ең бастысы, «Елбасы Медалі» жастарға өзге тараптардан көмек күтпей, өз болашағын өздеріне құруға мүмкіндік береді. Жоба бағдарламасын өту барысында қатысушылар өз дағдылары мен дарындарын шыңдайды, ұлттық мәдени мұрамен танысады, денсаулығы мықты, болашағына сенімді тұлға ретінде қалыптасады. Яғни, олардың өз әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндіктер көп.
Бағдарламаның алғашқы кезеңінің қорытындысы 2020 жылғы 9 желтоқсанда, "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның бірінші отырысында қаралды. Комиссия құрамына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Елбасы Академиясының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар Конгресінің, БАҚ және қоғам өкілдері енді.
Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, 2020 жылы 1 000 қатысушыны Елбасының қола медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Жеңімпаз 1000 қатысушының ішінде біздің ауданымыздың 5 жас өрені жеңімпаз атанды.
«Елбасы медалі» қола деңгейінің жеңімпаздары
1. Сейдахмет Гүлфира – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті.
2. Рахымбек Нұрбол Бауыржанұлы – З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектептің 11 сынып оқушысы. "IQanat" ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиадасының облыстық кезең жеңімпазы.
3. Оразбек Балнұр Тәукеқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 4-курс студенті.
4. Әмірбекқызы Арайлым – Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің 3-курс студенті.
5. Қабылбек Мауыты Сұлтанбекқызы – Сүлеймен Демирель университетінің 2-курс студенті. Білімді жастар-болашақтың кепілі Республикалық байқауының “Жаңа Қазақстандық ұлтжандылық” номинациясы бойынша жеңімпазы.