» » Қар туралы қызықты дерек

Қар туралы қызықты дерек

Қалада тұратындар қардың қалай кірлеп, ластанып жататынын көрген болар. Бұл нашар экология мен көлік түтінінен болатыны белгілі, деп жазады massaget.kz.

Содан кейде балалық шақтағы аппақ қарды көргің кеп, іздеп кететін кездерің болады. Ендеше сізге айтарымыз – аппақ қарды табу оңай. Өйткені ол кір қарға қарағанда жылдам ери қоймайды.

Оның сыры мынада. Қар аппақ болған сайын, күн сәулесін қатты шағылыстырады. Содан қардың бойына жақын маңда жылу дари қоймайды. Ал кір қардың күн сәулесін қайтаруға шамасы жоқ, керісінше сәулені жұтып қояды. Содан тез еріп кетеді.

Бірақ бұл жерде ескере кетер бір нәрсе бар. Егер кір қардың бетін қара дақ сіресіп, қалың қабатпен жатса, онда ішкі жағы еріми ұзақ жатуы мүмкін. Сыртқы қара дақ күн сәулесін жұтып алады да, ары қарай жіберемей қояды.

NASA ғалымдарының зерттеуінше, қардың тез еру не ерімеуіне сыртын жапқан кірдің құрамына да байланысты. Егер шаң-тозаң болса, онда қар тез еріп кетеді. Өйткені шаң-тозаң қарға жылдам жылу береді. Антарктида мен Арктикадағы мұздықтардың еруіне де осы құбылыс әсер етіп жатыр. Себебі адам ізімен тараған шаң-тозаң бүкіл жер шарын басты.
23 наурыз 2021 ж. 307 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930