» » Ақмола облысына қалың қар түсті

Ақмола облысына қалың қар түсті

Ақмола облысының Щучье қаласында қалың қар түсті. Өңірдегі қалың қардың видеосы мен суреттерін әлеуметтік желіде қолданушылар бөлісіп жатыр. Қалада түнде жауған қар таңертең жерді ақ ұлпаға көмкеріп тастаған. «Қармен бірге күн райы да салқындап, таңертең қардың беті қатса, қазір еріп жатыр. 2009 жылдың 25 мамырында да дәл осылай қар жауып, кейін күн бірден ысыған еді», – деп жазады желі қолданушысы. Сондай-ақ Атбасар жəне Зеренді ауданының кей аумақтарында да қар жауған. Еске сала кетейік, кеше аймақтық ТЖД «Қазгидрометке» сілтеме жасап, Ақмола облысында 27 мамыр күні кей өңірлерде қар жаууы мүмкін екендігін ескерткен еді.

24.kz
27 мамыр 2018 ж. 1 075 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31