» » Теміртаудағы қара қар: Әкім экологтарға себебін анықтауды тапсырды

Теміртаудағы қара қар: Әкім экологтарға себебін анықтауды тапсырды


Теміртау қаласының әкімі қалаға жауған қардың  беті әп-сәтте қарайып кетуіне байланысты экология департаментіне хат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Теміртау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ольга Горячеваның айтуынша, қала басшысы экологтарға қара түсті қардың суретін жіберіп, мәселенің мән-жайын анықтауды сұрапты.
Теміртау әкімдігі осындай хатты экологтарға 2017 жылы да жіберген болатын. Аталған қаладағы ең ірі кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» 2017-2019 жылдың жұмыс жоспарына 23 экологиялық жоба кіретіні туралы хабарлама таратқан еді.
Алайда әзірге байқалғаны ауаны сақтау бойынша 7 жоба, су ресурстарын қорғауға  байланысты 3 жоба ғана.
Сондай-ақ, компания аталмыш жобаларға жүздеген миллион  теңге жұмсап жатқанын айтады.


http://stan.kz


08 қаңтар 2018 ж. 1 157 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930