» » ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

Департамент тарапынан 2020 жылы 102 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде жалпы құны 58,5 млрд теңгеге қатысты заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджет және басқа да заңнама бұзушылықтары бар. Атап айтар болсақ, жалпы сомасы 50,7 млрд теңге немесе 86,7% (қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 7,8 млрд теңге немесе 13,3% жалпы анықталған бұзушылықтар сомасынан.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны 50,1 млрд теңге, олардан аталған департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені 49,7 млрд теңге (немесе 99,8%) және бюджетке өтелгені 215,5 млрд теңге (немесе 95,7%).
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы құны 7,8 млрд теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған, оның ішінде қорытындысына әсер ететін 7 млрд теңге және 771,3 млн теңге өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындысына әсер етпейтін, сонымен қатар жалпы аудитпен қамтылған мемлекеттік сатып алу бойынша қаражат көлемі 7,8 млрд теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасынын үлес көрсеткіші 100 пайызды құрайды.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты 328 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұлдың жалпы сомасы 25,7 млн теңгені құрап, оның ішінен 19,5 млн теңгесі бюджет кірісіне өндірілген.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2020 жылдың 12 айында анықталған заңнама бұзушылықтардың 1,6 млрд теңге сомасында 23 мемлекеттік аудит материалдары жолданған. Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 2 аудит материалдары бойынша қылмыстық істер қозғалып, сот органдарына жолданған.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 108 аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тартылған.

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі
30 наурыз 2021 ж. 354 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031