» » ЖЕМҚОРЛЫҚ – БАСТЫ ЖАУЫМЫЗ

ЖЕМҚОРЛЫҚ – БАСТЫ ЖАУЫМЫЗ

Бәсекеге қабілетті жастар қалыптастыру арқылы біз болашаққа нық қадаммен ұмтыла аламыз. Ал кейінгі буынның алдыңғы лег артқан сенімді ақтауы үшін жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы болуы қажет. Олардың ішкі дүниесінде ондай көзқарас қалыптасыру үшін аға буынның бағдаршам болары тағы ақиқат. Егер өзіміз осы қоғам дертіне душар болсақ, кейінгі буынға кемел келешек қалыптастырады деп үміт арту қиынның қиыны.

Тәуелсіздік жылдарының басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің негізгі міндетіне айналды. Елбасы өзінің саяси құжаттарында, Жолдауларында әр саланың дамуына бастайтын жолдарға тосқауыл болатын жемқорлықпен күресуді назардан тыс қалдырған емес. Себебі бұл дерт орын алған ортада пара беруші мен пара алушы тұтас мемлекетке зиянын тигізеді.

Кейін Тұңғыш Президент  бастаған сара жолды жалғай білген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сыбайлас жемқорлықпен күресті күн тәртібінен түсірген емес. Сәуір айындағы өзінің төрағалығымен өткен кеңесте де Президент мемлекеттің қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқаты сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жүйелі шараларға тікелей байланысты екенін айтты. Демек қоғам дертімен күресу алдағы уақытта да күн тәртібінен түспейді деген сөз.
Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты агенттікке бірқатар маңызды міндет жүктеді. Әсіресе Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды барлық деңгейде тиімді жүргізу үшін кешенді жұмыс атқару қажет екеніне назар аударды. Осы ретте қабылданған шаралар қылмыстық қудалау әрекетімен ғана шектелмеуі керек. сонда ғана жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік туары анық.

Өмірбек ЖАҚСЫЛЫҚ,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы 
19 сәуір 2021 ж. 205 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930