Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
4 мамыр күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің тек солтүстік-шығысында және батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Батыста найзағай болжанады. Республиканың жекелеген өңірінде жел күшейеді, оңтүстікте желмен бірге шаңды дауыл көтеріледі, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.
Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің күші күндіз 25 м/с артуы ықтимал.

Түнде Павлодар, күндіз Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Түркістан облысында сондай-ақ шаңды дауыл болжанады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – найзағай, Солтустік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетеді.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.