Сәуірдің басы жауын-шашынды болады
Синоптиктер 1 сәуір күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, деп болжайды. Тек шығыста және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Жекелеген өңірлерде тұман күтіледі, екпінді жел тұрып, оңтүстікте және оңтүстік-батыста найзағай ойнайды."Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің екпіні күндіз 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 23-28 м/с артады.
Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді.
Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
BAQ.KZ