» » Қызылордалықтар МӘМС қорына 18,4 млрд. теңге аударды

Қызылордалықтар МӘМС қорына 18,4 млрд. теңге аударды


Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 мамыр дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 18,4 млрд. теңге аударды.

Оның 13,7 млрд. теңгесі (74,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 4,7 млрд. теңге (25,5%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлемдеді.

Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жанақорған аудандар көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.
12 мамыр 2021 ж. 321 0