Биыл Құрбан айт қашан өтеді?
Құрбан айт – мұсылмандардың қасиетті мерекелерінің бірі. 2021 жылы бұл мейрам 20, 21, 22 шілде күндері аталып өтеді.
Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрам. Мұсылман қауымы Құрбан айтты қатарынан үш күн тойлайды. Айт күндері құрбандық шалынады.
Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Биыл 20 шілде сейсенбіге түсіп тұр.
Құлшылық жасаудың түп мәні – Жаратушының жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.
Құрбан айт мерекесінің тарихы сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар заманынан бастау алады.
Жалпы Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.
Малды соятын жерге ұрмай-соқпай апарып, оны құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызады. Сосын «Иә, Алла Тағалам, Ибраһим мен Мұхаммед пайғамбарлардан қабыл алғаныңдай менің де құрбандығымды қабыл ала гөр!» деп бата жасалады. Сосын «Аллаһу акбар!» және «Лә иләһа иллаллаһ» деп айтылып тұрады.
Малды қинауға болмайды, сол үшін оны өткір пышақпен бауыздайды. Пышақты малдың көзінше қайрауға тыйым салынады.
Құрбан шалып жатқан адам құрбандықты өз қолымен бауыздағаны абзал. Өйткені, бұл – құлшылық амал. Мал бауыздай алмаған жағдайда қасапшының жанында тұрып, өз көзімен көргені дұрыс.
Сойылатын мал құрбандық ниетімен бауыздалуы керек.
Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады.
Құрбан шалғаннан кейін малдың қан-жынын далаға қалдырмай, көміп тастаған жөн. Бұл – құрбандық малына әрі құрбан құлшылығына деген құрметтің белгісі.
Қой мен ешкі ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал, ешкі міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет. Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады.
Түйе мен сиырды 7 адам бірлесіп немесе бір адам жеке шала алады.
Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал екіншісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал құрбан болып есептелмейді.
Сонымен қатар тісінің көбі жоқ, мүйіздерінің бірі сынған мал құрбандыққа шалынбайды. Тым әлсіз мал мен құйрығының жартысынан көбі жоқ және құлағы жоқ мал сойылмайды. Лас нәрсемен тамақтанып жүрген мал да құрбандыққа жарамсыз.
Шалынған малдың етін түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға да болады. Егер құрбандық шалған адам аса дәулетті болмаса және отбасында адам саны көп болса, онда құрбандықтың етін түгелдей өз отбасына да қалдыра алады.
Ораза айт намазында таңертең мешітке барар алдында үйден құрма секілді тағамдардан дәм татып шыққан абзал болса, Құрбан айтта, керісінше, нәр татпай шыққан дұрыс. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сол күнгі оразасын жаңа сойылған құрбан етімен ашқанды құп санаған.
Сондай-ақ Ораза айтта пітір садақасы берілсе, Құрбан айтта жай садақа беріледі.
Құрбан айтқа бір күн қалғанда ораза ұстаудың маңызы зор. Яғни, Зүл-хиджа айының 9-шы жұлдызында болатын Арапа күні ауыз бекітуге болады.
Бір-біріне сыйлық беріп, мерекелік көңіл-күйде жүреді, айттық сұрайды. Қазақ айт мерекесімен құттықтап, айттық сұраған жанның бетін ешқашан қайтармаған.
Ренжісіп қалған адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, қайта табысады. Әр шаңырақта қазан асылып, мол дастарқан жайылады.
Сырқат кісілердің көңілін сұрап, арнайы бас сұғу, жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, оларға айттың қуанышын сездіру де өте сауапты іске жатады.
Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрам. Мұсылман қауымы Құрбан айтты қатарынан үш күн тойлайды. Айт күндері құрбандық шалынады.
Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Биыл 20 шілде сейсенбіге түсіп тұр.
Құрбан сөзі нені білдіреді?
Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге келеді.Құлшылық жасаудың түп мәні – Жаратушының жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.
Құрбан айт мерекесінің тарихы сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар заманынан бастау алады.
Құрбан шалу кімдерге уәжіп
Құрбан шалу белгілі бір адамға уәжіп болуы үшін мына шарттар керек:- мұсылман болу;
- Құрбан айт уақытында жолаушы болмау;
- негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу.
Жалпы Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.
Құрбан шалу уақыты
Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады.Құрбандық қалай шалынады?
Құрбандық шалғанда, ең алдымен, құрбан шалынатын жердің таза болуына көңіл бөлу керек.Малды соятын жерге ұрмай-соқпай апарып, оны құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызады. Сосын «Иә, Алла Тағалам, Ибраһим мен Мұхаммед пайғамбарлардан қабыл алғаныңдай менің де құрбандығымды қабыл ала гөр!» деп бата жасалады. Сосын «Аллаһу акбар!» және «Лә иләһа иллаллаһ» деп айтылып тұрады.
Малды қинауға болмайды, сол үшін оны өткір пышақпен бауыздайды. Пышақты малдың көзінше қайрауға тыйым салынады.
Құрбан шалып жатқан адам құрбандықты өз қолымен бауыздағаны абзал. Өйткені, бұл – құлшылық амал. Мал бауыздай алмаған жағдайда қасапшының жанында тұрып, өз көзімен көргені дұрыс.
Сойылатын мал құрбандық ниетімен бауыздалуы керек.
Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады.
Құрбан шалғаннан кейін малдың қан-жынын далаға қалдырмай, көміп тастаған жөн. Бұл – құрбандық малына әрі құрбан құлшылығына деген құрметтің белгісі.
Құрбандыққа шалуға болатын мал
Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малының еркектерін де, ұрғашыларын да шалуға болады.Қой мен ешкі ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал, ешкі міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет. Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады.
Түйе мен сиырды 7 адам бірлесіп немесе бір адам жеке шала алады.
Құрбанды ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал екіншісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал құрбан болып есептелмейді.
Құрбандыққа жарамайтын мал
Құрбандыққа бір немесе екі көзі соқыр мал, құрбан шалу орнына өз бетінше жетуіне шамасы жетпейтін ақсақ мал жарамайды.Сонымен қатар тісінің көбі жоқ, мүйіздерінің бірі сынған мал құрбандыққа шалынбайды. Тым әлсіз мал мен құйрығының жартысынан көбі жоқ және құлағы жоқ мал сойылмайды. Лас нәрсемен тамақтанып жүрген мал да құрбандыққа жарамсыз.
Құрбандыққа шалынған малдың еті
Құрбандық шалған отбасы еттің бір бөлігін өзіне қалдырып, екінші бөлігін ағайын-туыс, көршілерге, ал ұшінші бөлігін мұқтаж жандарға үлестіргені абзал.Шалынған малдың етін түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға да болады. Егер құрбандық шалған адам аса дәулетті болмаса және отбасында адам саны көп болса, онда құрбандықтың етін түгелдей өз отбасына да қалдыра алады.
Құрбан айт намазына дайындық
Құрбан айт намазына баратын адамдар сол күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, үйінен көтеріңкі көңіл-күймен шығады.Ораза айт намазында таңертең мешітке барар алдында үйден құрма секілді тағамдардан дәм татып шыққан абзал болса, Құрбан айтта, керісінше, нәр татпай шыққан дұрыс. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сол күнгі оразасын жаңа сойылған құрбан етімен ашқанды құп санаған.
Сондай-ақ Ораза айтта пітір садақасы берілсе, Құрбан айтта жай садақа беріледі.
Құрбан айтта ауыз бекітуге бола ма?
Зүл-хиджа айының алғашқы он күні Аллаға құлшылық қылып, игі амалдар жасауға ең берекелі күндер болып саналады.Құрбан айтқа бір күн қалғанда ораза ұстаудың маңызы зор. Яғни, Зүл-хиджа айының 9-шы жұлдызында болатын Арапа күні ауыз бекітуге болады.
Құрбан айт қалай тойланады?
Құрбан айт намазынан кейін барлық мұсылман ағайын-туыстарға, дос-жарандары мен көрші-қолаңға «Айт қабыл болсын!» айтып, айтшылайды. Үйлерге кіріп, құран оқып, тілек тілейді.Бір-біріне сыйлық беріп, мерекелік көңіл-күйде жүреді, айттық сұрайды. Қазақ айт мерекесімен құттықтап, айттық сұраған жанның бетін ешқашан қайтармаған.