» » » Бас мүфти Құрбан айтта мал бағасын шарықтатып жіберетіндерге үндеу жасады

Бас мүфти Құрбан айтта мал бағасын шарықтатып жіберетіндерге үндеу жасады


Еліміздің бас мүфтиі Қазақстан халқын Құрбан айттың келуімен құттықтап, отандастарына үндеу жолдады. Серікбай қажы Ораз тұрғындарды пайдаға емес, сауапқа бөленуге шақырған. Себебі айт күндері мал бағасы шарықтап кететін жағдайлар жиі орын алып жатады екен деп хабарлайды muftyat.kz

Бас мүфтидің сөзінше, "Құрбан" сөзі "жақын болу", "жақындау" деген ұғымдарды білдіреді. Мұсылман баласы айт күні құрбандық шалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін паш етеді.
Өйткені, Алла Тағала қасиетті Құранда:
"Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)" ("Хаж" сүресі, 37-аят), – деп адал ниеттің маңыздылығын атап өткен дейді Серікбай қажы Ораз.
Осы орайда бас мүфти халықты сауапты істен құр қалмауға шақырған.
"Құрбан айтта орындалатын ең қайырлы амал – құрбан шалу. Айт күні жағдайы бар кісілер құрбан шалып, оны қараусыз қалған қариялар мен жетімдерге, көпбалалы отбасыларға таратып, сауап алуға тырысады.Алайда, айт күндері мал бағасы қымбаттап кететін жағдай жиі орын алады. Осы ретте отандастарымды мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленуге үндеймін. Өйткені, Құрбан айт – қанағат пен қайырымдылықтың мерекесі", - дейді ол.
Сонымен қатар Серікбай қажы Ораз ұлық мейрамда жасайтын барша сауапты амалдар, қайырымдылық істер, сондай-ақ, қасиетті Мекке қаласында қажылығын өтеп, еліміздің игілігі үшін дұға жасап жатқан жандардың тілегі қабыл болсын деген ізгі ниетін жеткізді.
10 тамыз 2019 ж. 569 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930