» » "Көбіне жастар жұқтырады": Бекшин "үнді" штамы туралы

"Көбіне жастар жұқтырады": Бекшин "үнді" штамы туралы

Жандарбек Бекшин жаңа "дельта" штамының белгісі суық тию симптомдарына ұқсас екенін жеткізді. Оның сөзінше, бұл штамды көбінесе жастар жұқтырады. Басты симптомы – бас ауруы, тұмау, ангина, жоғары температура. Иіс сезу қабілеті жоғалмайды және жөтел болмайды, деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ іштің ауыруы, құсу, тыныс жолының тарылуы ықтимал. Жандарбек Бекшин тек вакцина ғана ауруды жұқтырмауға әрі өлімді азайтуға септігін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, Алматы қаласының бас санитар дәрігері бүгінгі онлайн-брифингте "үнді" штамын жұқтырған болуы мүмкін деген диагноз қойылған пациент жайлы айтты. "Алматыда бір ғана жағдай тіркеліп отыр, десе де біз онымен байланыста болған барлық адамдарды тіркеуге алдық. Бұл пациент - үй шаруасындағы әйел, оның күйеуі жұмыс істейді және жұмыс бабымен көп жолға шығып жатады. Бірақ ол ақпан айында коронавируспен ауырып шыққан... Дерттің таралмауы үшін алдын ала қажетті шараларды қабылдап жатырмыз", - дейді Жандарбек Бекшин.
Қаланың бас санитар дәрігері науқастың нақты "үнді" штамын жұқтырған-жұқтырмағаны қажетті зерттеулерден кейін анықталатынын жеткізді.
23 маусым 2021 ж. 388 1

Les от 30 мамыр 2025 07:34
Incredible plenty of very good information! casino en ligne France Nicely put, Appreciate it. casino en ligne Seriously plenty of amazing data. casino en ligne You actually said that terrifically! casino en ligne francais Thanks a lot! I enjoy it! casino en ligne Helpful postings, Kudos. casino en ligne France You actually expressed it very well. meilleur casino en ligne Nicely put, Thank you! casino en ligne fiable You've made your position quite well!! casino en ligne Thank you. I appreciate it. casino en ligne

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30