» » Диқандар сәбіздің екі есеге қымбаттауының себебін айтты

Диқандар сәбіздің екі есеге қымбаттауының себебін айтты

Қазақстанда картоппен қоса сәбіз де қымбаттады. Осы жылдың 5 айында сәбіз бағасы екі есеге артқан. Осы орайда Түркістан облысының дикандары неліктен сәбіз бағасының неліктен қымбаттап жатқанын түсіндірді.
Олардың сөзінше, биыл Қазақстанда сәбіз жинау науқаны бір айға кейінге қалдырылған. Себебі ауа райының қолайсыздығына байланысты көкеніс салмақ жинай алмаған. Сәбіз піскен күннің өзінде де фермерлер мол өнім күтпейтінін айтады.
"Биыл көктемде жаңбыр жауды, ал қазір аптап ыстықта нағыз керек кезінде жаумады. Егер жаңбыр жауып тұрса, сәбіз салмақ жинар еді. Ал қазір олар тіпті кішкентай. Сатуға жарамайды", - дейді шаруа Ташнияз Анарметов.
Айта кетейік, Түркістан облысының Сайрам ауданы — Қазақстан нарығына сәбізді жеткізіп беруші басты нүктелердің бірі. Алайда биыл шаруалар мол өнім күтпейміз деп отыр.
Өткен жылы бір гектардан 40 тоннаға дейін сәбіз жиналған болса, ал биыл шаруалар кем дегенде 30 тонна жинауды жоспарлауда.
"Сайрам аймағында түрлі көкөністер өсіріледі, шамамен 200-300 гектар жер сәбізге беріледі. Біздің барлық шаруа қожалықтарымыз суармалы сумен қамтамасыз етілген, биылғы жылы өнім жаман емес, бірақ жақсы кездер болды", - дейді "Ақсу" МКК директоры Әмзе Калмұратов.
Қазір қазақстандық нарықта алдыңғы егін науқанынан қалған өнімдер сатуда. Сонымен қатар, маусымаралық кезеңде осы бір тамырлы дақыл елге Өзбекстаннан әкелінеді екен, ал көрші елде сәбіз бағасы бірден екі есеге өскен. Өзбекстанның шенеуніктері де барлығына ауа райының қолайсыздығын кінәлап отыр.
Телеарна дерегінше, Шымкентте супермаркеттерде, базарларда орта есеппен сәбіздің әр келісі үшін шамамен 500 теңге сұрайды. Жергілікті әкімдік бағаны ұстап қалуға тырысып жатқандарын мәлімдеді.
"Біз бүкіл қаланы қамтығымыз келетін ірі сауда желілері, жылжымалы пункттер және әлеуметтік дүкендер бар, осындай шағын дүкендерде біз атап өткен өнімдер бар. Сонымен қатар, біз жәрмеңкелер өткізіп тұрамыз, Түркістан облысынан келген фермерлер бізге келіп, жәрмеңкеге өз өнімдерін қояды", - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев. Ал сарапшылар сәбіздің бағасы енді бұрынғы бағада сатылмайтынын айтады. Олардың сөзінше, нарыққа жаңа егін науқанының өнімі шыққан кезде ғана баға төмендейді. Бірақ ұзақ уақыт емес, дейді сарапшылар.
23 маусым 2021 ж. 263 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930