» » Талаптыға нұр жауар

Талаптыға нұр жауар

Жуырда Астананың 20 жылдығына орай ерекше қолдауды қажет ететін балалар шығармашылығы арасында «ВІ Жұлдызай» республикалық фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – ерекше балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі, шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту. Сондай-ақ, фестивалге қатысатын әр баланың ерекше жеке шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, бала тұлғасының шығармашылық дамуына тікелей әсер ету, эстетикалық таным түйсігін дамыту және дарынды балалардың талантының ашылуына әсер етуді көздейді. Айта кетейік, «ВІ Жұлдызай» шығармашылық фестивалін өткізуді дәстүрлі түрде ұйымдастыру және одан әрі жетілдіру қолға алынатын болады. Шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева ашып, байқауға қатысушы бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.
– Ең алдымен қатысушы балаларды, ата-аналар мен ұстаздар қауымын ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осындай айтулы мереке қарсаңында, тіршіліктің жаңарып, жасарып, жер беті жаңа күйге енген шақта ұйымдастырылып отырған игі шараның маңызы зор. Әр бала – қоғамның бір мүшесі. Ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік ортаға белсене араластырып, спортпен шұғылдандырып, басқа да шығармашылық жетістіктерге жеткізе отырып, қоғамда тұлға болып қалыптасуына септігімізді тигізуіміз керек. Талапты, талантты балапандарға, өнерлі жастарға сәттілік тілеймін, – деді бөлім басшысы.
Фестиваль барысында ән де шырқалды, мың бұралған бишілер би де биледі, қолөнершілер мен суретшілер де қалыс қалған жоқ. Оның ішінде ерекше өнерімен көзге түскен, әділқазылар алқасының талғам деңгейіне сай келгендері көп болды. Мәселен, №201 орта мектеп оқушылары Айдана Қартаңбай мен Сәду Мирас «Кукарела» биін, №116 орта мектептен Жансая Амангелді «Өзбек» биін, №118 орта мектептен Жансая Аман «Қазақ» биімен, №202 орта мектептің оқушылары Нұрай Тамабай мен Меруерт Серіктер «Испан» билерін билеп, көрермен көңілін бір серпілтіп тастады. Ал, өз кезегінде №124 орта мектептің оқушысы Сайлау Нұртөре «Алға, Қазақстан» әнін шырқаса, №32 орта мектептен Нұрислам Сарбалақов «Сенің анаң алтын» әнін, №122 орта мектеп оқушысы Гүлсезім Қақарша «Маленькая страна» әнін, №117 мектептен Күмісбай Ернұр «Ана-әке», осы мектептен Ернар Барысбай «Аяулы анашым» әнін, №118 мектептен Қазына Әбдірасыл да «Ана-әке» әнін, №201 мектептің оқушысы Динара Әбілхан «Қазақ қызы» әнін және №34 орта мектептен Тажмахан Бағдат «Қазағым», №202 мектеп оқушысы Мерей Әлібектер «Наурыз-көктем» әндерін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Байқағанымыздай, балалардың көбісі өнерлерін ата-анасына арнады. Жарық дүние сыйлаған асыл жандарын әнге қосып, перзенттік алғыстары мен махаббаттарын жеткізді. Шара соңында әділқазылар алқасы өнерпаздардың барлығына номинациялар бойынша «Алғыс хат» табыстап, сый-сияпаттарын ұсынды.
Айта кету керек, республикалық «ВІ Жұлдызай» фестивалінің облыстық іріктеу турының І кезеңі ағымдағы жылдың сәуір айында облыс орталығында Астана, Алматы қалаларында өтетін болады. Бұл байқау 10-18 жас аралығындағы балаларды қамтиды.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ.

21 наурыз 2018 ж. 1 750 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930