» » Атырауда таксистерді қорқытып, ақша алып отырған діни ағымдағылар ұсталды

Атырауда таксистерді қорқытып, ақша алып отырған діни ағымдағылар ұсталды

ec4324e7 2631 4bb7 be6f cb3364bdb802Атырауда деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды, – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерін («Атырау-Орал-Атырау») күш қолданамыз деп қорқытып, ақшалай қаражат бопсалаған.

d3cc1de7 daa8 42bc 8b15 82935ee49d99

ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды.

Фигуранттардың және олардың жақын байланыстарының тұрғылықты жерінен 3 әртүрлі қару мен оларға оқ-дәрі, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекетін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, алынды.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды.
Тергеу шаралары жалғасуда


1349da06 0449 41f1 a4a1 2a6dd3085809
14 шілде 2021 ж. 577 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930