Қызылордадағы «Пумба» ойын-сауық орталығында жарылыс болды
9 шілде күні таңғы сағат 7.20-да Қызылорда қаласындағы балаларға арналған «Пумба» ойын-сауық орталығында газ бен ауа қоспасының жарылысы болды. Бұл туралы облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрттің шығу себебі табиғи газдың кемуінен делініп отыр.
«Тілсіз жау ғимараттың бірінші қабатын түгел шарпыған. Өрт сағат 7-ден 44 минут өткенде оқшауланып, 8.15-те ауыздықталды. Жарылыс нәтижесінде ағаш ағаш сарай мен шатыры құлады. Сондай-ақ Жеңіс көшесі, 20-үйдің терезелеріне зақым келді. Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ», – делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі табиғи газдың кемуінен делініп отыр.