Алған затыңыз көңіліңізден шықпаса, 14 күн ішінде кері қайтаруға болады
Биылдан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мобильді қосымшасы жұмыс істеуде. Бірыңғай ақпараттық жүйе тұрғындар үшін өз тиімділігін беруде. www.e-tutynushy.kz қосымшасы арқылы әр тұрғын өзінің бұзылған құқықтары туралы мәлімдеме тастай алады. Уәкілетті органға хабарласпас бұрын тұтынушы мәселені сатушымен тікелей шешуге тырысуы керек. Алайда, егер 10 күн ішінде сатушы шағымға жауап бермесе, ол уәкілетті органға жүгінеді.Бұл жүйені пайдалану арқылы тұтынушы мен сатушының уақытын үнемдеуге жол ашады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменовтің айтуынша, бүгінде мобильді қосымша арқылы 19 арыз кеп түскен, оның 16-ы қанағаттандырылды, 3-не түсіндірме жасалды.
Осы орайда айта кету керек, көбіне тұрғындар тұтынушы міндетін жете түсіне бермейді. Сатып алынған барлық заттар көңіліңізден шықпаса, 14 күн ішінде кері қайтаруға болады. Кейбір санат бойынша кері қайтарылмайтын заттар бар. Олар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, ішкиімді, шұлық-ұйық бұйымдарын, жануарлар мен өсімдіктерді, метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделікке не матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы,ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы. Бірақ, сапасыз дүние болса, онда оны міндетті түрде айырбастауға болады.
Сондай-ақ, алдағы уақытта тұтынушылар Ассоциациясы құрылмақ. Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізудің концепциясы бекітілуде. Онда тұтынушыларды қорғауға жәрдемдесу, насихаттау және түсіндіру басты мақсат боп табылады. Омбудсменнің негізгі функцияларына – жекелеген азаматтардан, заңды тұлғалардан және ұйымдардан шағымдарды қабылдау және қарау, елдегі тұтынушылар құқықтарының жағдайына мониторинг жүргізу, ұсынымдар дайындау жатады.
Бұл туралы толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.