» » ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін аудандық полиция бөлімінің көші қон қызметі тобы кент орталығындағы бірқатар құрылыс нысандарында заң аясында жұмыс жасап жатқан еңбекші көшіп келушілерге ҚР Үкіметінің 2021 жылы 21 қаңтарда №148 қаулысымен бекітілген “Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын түсіндірді.

Құрылыс нысандарын аралау барысында АПБ КҚҚТ-ның аға инспекторы, полиция капитаны Әділбек Наурызбаев еңбекші көшіп келушілерге өзіне рұқсат етілген белгілі уақыт аралығында ғана жұмыс жасай алатындарын жеткізді. Сондай-ақ еңбекші көшіп келушілер жұмыс жасап жатқан елді мекенде өзінің тұрғылықты мекен-жайын ауыстырған жағдайда 3 жұмыс күн ішінде АПБ КҚҚТ-ға хабар беруге міндетті. Түсіндірме жұмыстары барысында мұнан өзге де заңдылықтар қамтылып, полиция капитаны Әділбек Наурызбаев еңбекші көшіп келушілердің мейлінше қылмыстан аулақ болу қажеттігін қаперіне салды.
28 шілде 2021 ж. 218 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930