Нұрлан Шегебаев: Тактикалық оқу-жаттығу барысында үздік топтар анықталды
Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде 2021 жылғы жауынгерлік жоспарға сай 2 аптаға созылған арнайы роталық тактикалық оқу-жаттығу аяқталды. Оқу-жаттығуға бөлімнің барлық роталары қатысты.
Бұл оқу-жаттығуды өткізудегі басты мақсат – роталар жеке құрамының жауынгерлік дайындық дәрежесін тексеру, дабыл бойынша көтеру және рота жауынгерлерінің функционалдық міндеттерін, үйлесімділігін бағалау. Алғашқы күннен бастап-ақ бөлімдегі барлық роталардың әскери қызметшілері белсенділік таныта білді.
Тактикалық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде роталар дабыл бойынша көтеріліп, марш жасады. Одан кейін, әскери топография, инженерлік дайындығы, радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау, байланыс, әскери медициналық және әуе-десанттық дайындығы бойынша тиісті нормативтері тексерілді. Ал, екінші кезеңде негізгі жаттығулар дерлік далада өткізілді. Далада өткен кезеңдегі тапсырманың бірі белгісіз аймақтағы жасырылған объектілерді тауып, координаттар бойынша жұмыс жасау болды. Жаттығудың үшінші кезеңінде роталар өздерін атыс дайындықтары бойынша сынады.
Оқу-жаттығу кезінде роталар қауіпсіздік шаралары мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, тактикалық іс-қимылдардың дұрыстығына, ұрыста қаруды тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлді.
Тактикалық оқу-жаттығулар бөлім жеке құрамының теориялық білімдерінің нығайуына, жаңа қосылған жауынгерлердің тәжірибе алмасуына және жалпы роталардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына оң ықпал ететіні сөзсіз.

«Тактикалық оқу-жаттығу барысында үздік топтар анықталды. Роталар кенеттен белгіленген жауынгерлік дайындықтар бойынша тапсырмаларды шеберлікпен орындады. Арнайы мақсаттағы таулық барлау ротасы барлық кезеңдерде жақсы нәтижелер көрсетіп, жаттығуларды жоғары дәрежеде орындады», – дейді әскери бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Нұрлан Шегебаев.