» » Атқарылған жұмыс аз емес, алдағы міндеттер де ауқымды

Атқарылған жұмыс аз емес, алдағы міндеттер де ауқымды

Баршаңызға белгілі,биылғы жылдың ерекше жаңалығы 10 қаңтарда ҚР Парламенті мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өте ұйымшылдықпен, талапқа сай өткізілді. Аталған сайлауға үлкен жауапкершілікпен дайындалып, партияның сайлауалды бағдарламасын жасақтадық. 5 жыл бедерінде атқарылатын жұмыстарды сайлаушыларға насихаттадық. Ендігі кезекте халыққа берген уәдені орындап, бұқарамен тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесе жұмыс жасау болатын.

Аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Асылбек Шаменовтың қатысуымен өткен фракцияның алғашқы отырысында «Өзге­ріс­тер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде Жол картасы егжей-тегжейлі талқыланды. Жол картасын бекіту мәселесі партияның аудандық филиалы жанындағы Саяси кеңес бюросы отырысының күн тәртібіне қойылды. Бюро мүшелерінің ке­лісімімен аудан бойынша «Nur Otan» пар­тия­сының сайлауалды бағдарламасын іске асы­рудың басты құжаты, яғни жол картасы бекітілді.

Енді осы уақытқа дейін жол картасы бойынша қандай жұмыстар атқарылды? Сайлау науқаны аяқталғаннан бері сол жобада көрсетілген, ха­лыққа берген уәделеріміз қалай іске асты? Осы мәселелерді сараптап, елдің назарына ұсын­сам деймін.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру ба­ғы­ты бойынша 2022 жылы жеке медициналық орталығын ашу жобасы болса, осы мақсатты көздеген «Клиника Каметов» ЖШС медициналық орталығы 2020 жылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы «Биз­­нестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағ­­­­дарламасы аясында 8,5 млн теңгеге қар­жы­ландырылып, қажетті құрал-жабдықтар алынды. Қазіргі таңда орталықта 7 адам тұрақты жұ­мыс­пен қамтылып отыр. Медициналық ны­сан уақытынан бұрын ашылып, халықтың қа­жет­тілігіне қарай жұмыс жасауда.

Сонымен қатар келер жылы қолдануға берілуге тиіс комбикорм өндіретін және тәулігіне 60 тонна күрішті өндеу цехын ашу жобасы жеке кәсіпкер Д.Ержановтың бастамасымен толық іске қосылып, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында қаржыландырылып, жұ­мыс жасауда. 2025 жылға қарай жұмыссыздық дең­гейін 5,2 пайыздан 4,7 пайызға төмендету көзделсе, алдағы міндет 2025 жылға дейін 4,7 пайызға дейін түсіруге қол жеткізу болып отыр.

Ауданның негізгі тіршілік көзі саналатын мал шаруа­шы­лығын өркендетпей, іс алға баспайды.Осы орайда ірі қара малын 34 800 басқа дейін көбейту ме­жеге алынса, оның саны бүгінде 37 106-ны құ­рап, мақсат толыққанды жүзеге асты.
Осы жылы ауданнан сүт фермасын ашуды бағдарласақ, Аққұм ауылдық округіндегі «Бақ­дәулет – 57» шаруа қожалығы жыл соңына дейін округтен ферма ашып, ел үшін қажетті шаруаны қолға алмақ. Қазір жеке кәсіпкер мал қора салу жұмысымен айналысуда. Оған қаржы ұйым­дары арқылы 100 млн теңге көлемінде несие берілмек. Сол қаржыға кәсіп иесі 100 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара сатып алмақ. Бұл жұмыстардың орындалуы аудандық пар­тия филиалы жанындағы «Аграрлық сек­тор­ды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңестің наза­рында
тұр.

Сондай-ақ көшбасшы партияның бағ­дар­ла­масында 2021-2022 жылдары Мәдениет, Ала­месек, Аққұм, Ақсу, Таң ауылдық округтерінде жылыжай кешенін салу жоспары да бар болатын. Осыған орай Мәдениет ауылдық округінде «Нұрдәулет» шаруа қожалығының басшылығымен жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оны ашу қыркүйек айына жоспарлануда. Бү­гін­де Аламесек ауылдық округіндегі жеке кә­сіп­кер «Сұңғат» жылыжай кешенін салып, қияр, қы­занақ дақылының өнімдерін алуда. Ал Таң, Ақсу, Аққұм ауылдық округтеріндегі жылыжай кешенін салу жұмыстары келер жылы жүргізілетін болады.

Бағдарламада асыл тұқымды мал басын биыл 1,1 пайызға жеткізу көзделген болса, ол 2 пайызға орын­далды. Аудан бойынша жыл басынан бері «Сы­баға» бағдарламасымен айналысып отыр­ған 22 шаруашылық 58 бас асыл тұқымды бұ­қа са­тып алды.

Кәсіпкерлерді қолдау қашанда партияның назарынан тыс қалған емес. Себебі кәсіпкерлік – эко­номиканың қозғаушы күші. Сондықтан жыл сайын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағ­дарламасымен 15 кәсіпкердің пайыздық мөл­шерлемесін субсидиялау шеңберінде не­сие­лер және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға грант ұсыну жобасы жүзеге асырылуда. Биыл 81,7 млн теңгенің 17 жобасы субсидияланды. Мемлекеттік және өңірлік бағ­дарламалар аясында шағын және орта кә­сіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында биыл 7 айда 126 кәсіпкер 1 млрд 545 млн теңгеге қаржыландырылды. «Еңбек» бағдарламасы ая­сында 42 адамға 188,7 мың теңге шағын несие берілді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 2 260-қа жеткізу көзделсе, қазір соның 2 232-сі жұмыс жасауда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинауды ұйымдастыру нысанаға алынса, жаңа­дан 10 қоқыс жәшігі қойылып отыр.

Көркейту-көгалдандыру жұмыстары үне­мі на­зардан тыс қалған емес. Биыл да меже­лен­ген 4 648 дана ағаш көктемгі көркейту-көгалдандыру кезінде отырғызылды. Оның шығымдылығына да жете мән беріп келеміз.
Аудан бойынша электрмен жабдықтау жүйе­лерін қайта жаңғырту да көптің көкейінде жүрген үлкен мәселе. Бұл жұмыстар бойынша қазіргі таңда Аққұм, Жаңаталап, Мәдениет, Бұқарбай батыр елді мекендерінің электрмен жабдықтау жүйелері қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді.

Білім беру сапасын арттыру бағыты бойынша да бірқатар өзекті мәселелер шешімін тауып келеді. Білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға биыл қаржы бөлінді. 2020-2021 оқу жылында ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7 мектепке ішкі әжетхана орнатуға қажетті қаражаттар бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
2020-2021 оқу жылында аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларын қашықтықтан білім беру жағдайында компьютерлік құрыл­ғылармен қамту мақсатында республикалық бюджет есебінен 1 452 құрылғы, мектеп база­сынан 384 құрылғы және демеушілікпен 151 құ­рыл­ғы берілді.

Партияның сайлауалды бағдарламасы бо­йын­ша жоғары және орта білім беру ұйым­дарына түскен мектеп бітіруші түлектердің үлесін 98,6 пайызға жеткізу көзделген болса, биыл 321 бітірушінің 279-ы жоғары, 41-і арнаулы оку орындарына құжат тапсырды. 1 оқушы алдағы ақылы кешенді тестілеуге қатысып, оқу орнына құжат тапсыруды жоспарлап отыр.

2021 жылы ҰБТ-ға 321 мектеп бітірушінің 291-і қатысты. 100 баллдан жоғары 59 бітіруші түлек жинады.
Тең мүмкіндіктер қалыптастыру – же­текші партияның басты бағытының бірі. Осыған орай биыл 1 ақпаннан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеу­меттік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік бе­ретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай пор­та­лын енгізу жүзеге асты.
Бұқаралық спорт үшін жағдай жасау да партия қолға алған негізгі бағыттың бір парасы. Жалағаш кентінен жаңа үлгідегі жабық бассейн құрылысын салу кәсіпкер Қайыржан Құл­те­кеновтың жеке қаражаты есебінен жүзеге асты.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойын­ша жыл басынан бері Жалағаш ауданында 71 маманға 307,1 млн теңге тұрғын үй несиесі беріліп, 61 маманға 17,7 млн теңге көтерме жәрдемақы берілді. 2021 жылы 70 маманның аталған қолдауға қол жеткізуіне ықпал жасау болса, меже толыққанды орындалды.

Сайлауалды бағдарламасында отбасы құн­­дылығын дәріптеу мақсатында аудан орта­лығында отбасыларға арналған психологиялық кабинет ашу болатын. Осыған орай аудандық аурухананың бірінші қабатынан психологиялық кабинет ашылып, өз жұмысын бастады. Онда 1 дәрігер, 1 психолог, 1 мейірбике жұмыс жасауда.

Ашық және есепті жергілікті органдар бағыты бойынша электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 90 пайызға жеткізу болса, ол мақсатқа толық қол жеткізілді. Қазіргі таңда электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қыз­меттердің саны 2 851-ге жетті.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық белең алып тұрған тұста онымен күрес толастамақ емес. Сондықтан аудан тұрғындары арасында жем­қорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосу аса ма­ңызды. Осыны басым бағыттың біріне жатқызған жетекші партия «Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру көздері» әлеуметтік қызметіне 420 мың теңге қаржы қарады. Онда мем­лекеттік сатып алу заңына сәйкес, «Достық мекені» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, келісім-шарт жасалып, жұмыс жоспары бекітілді. Қазіргі таңда аудан көлемінде сы­байлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төз­беушілікті қалыптастыру мақсатында кент жә­не ауылдық округтерде 14 тақырыптық бил­борд орналастырылған. Биыл 7 айдың көрсеткіші бойынша жетекші партияның ықпалымен біршама жұ­мыс­тар жасалды.

Аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсар­тудың өзекті мәселелері, экономиканың өсу қарқындарын жетілдіру, елді мекендер инфра­құры­лымын әрі қарай дамыту мәселелері әрқа­шан депутаттық фракцияның басты наза­рында.
Біз өздеріміздің сайлаушыларымызбен үз­­­­діксіз байланыста болуды басты назарға алдық. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағ­дарламасында берілген нақты міндеттерді жү­зеге асыру жолында тиянақты жұмыс жасап, ел алдындағы аманатымызды орындауға күш салатын боламыз.

Қаншагүл Мұстафаева,
Жалағаш аудандық мәслихаттағы
«Nur Otan» партиясы депутаттық фракцияның жетекшісі

16 тамыз 2021 ж. 473 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930