» » «Өркен Әлем» ЖШС жұмысшыларымен кездесті

«Өркен Әлем» ЖШС жұмысшыларымен кездесті

«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қаншагүл Мұстафаева, Еркін Базарбай, Самат Сарбасов, Ұлжан Тәжібаева, Қайрат Досымов, Гүлжайна Айтжановалар «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» тақырыбындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында «Өркен Әлем» ЖШС ұжымымен кездесті.

Келелі кездесуде үміткерлер сайлаушыларға бағдарламада көрсетілген халықтың өмір сүру деңгейін, сапасын, әл-ауқатын арттыру үшін болашақта атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Бұл бағытта шағын және орта бизнестің маңызды рөлі бары айтылды. Осы ретте мемлекеттік бағдарламалар арқылы 200-ден аса азамат арнайы курстарда оқып, өз кәсіптерін ашуға жағдай жасайтыны қаперге алынды. «Nur Otan» партиясының «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғаспақ. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға және сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді. Бұл жұмыстардың барлығы алдағы 5 жыл бедерінде атқарылатын болады. Өз кезегінде тігіншілерден құралған еңбек ұжымы көпбалалы аналарға берілетін көмек, әлеуметтік дүкен, жол, жарық сынды көкейкесті мәселелерді көтерді. Оған үміткерлер тарапынан тұщымды жауап берілді.
Үміткерлер партия арасындағы саяси аламанда «Nur Otan» пар­тиясын қолдауға үгіттесе, ал еңбек ұжымы 2021 жыл­дың 10 қаң­тарында болатын сайлауда таңдаудан жаңы­лмайтын­дарын жет­кізді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық
Сайлау қорының қаражатынан төленді

28 желтоқсан 2020 ж. 432 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031