» » ҮМІТКЕРЛЕР ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҮМІТКЕРЛЕР ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясының басты мақсаттарының бірі – әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруіне лайықты мүмкіндік жасау. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың  7 басым бағытын айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту. Осы орайда «Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Ахан Кенжебаев, Бауыржан Қалиянов, Айжан Қайранбаева, Ұлмекен Меңдібаева, Батыржан Жылқыбаевтар Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ақниет» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында еңбек ұжымына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы насихатталды.
Үміткерлер сайлаушыларды партиялар арасындағы додада 20 жылдан аса өзіндік тарихы бар, халықтың пікірімен санасатын, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Еңбек ұжымы тарапынан жол, жарық, жұмыссыздық сынды көкейкесті мәселелер көтерілді. Атап айтар болсақ, 2023-2024 жылдары Жалағаш кентінде және Мақпалкөл ауылында орналасқан балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге, 2025 жылға дейін көше жарықтарын орнатуға, 2025 жылға дейін елді мекенішілік жолдарды орташа жөндеуден өткізуге ықпал жасайтындарын жеткізді. Сондай-ақ, үміткерлерге бағытталған сауалдарға жауап беріп, сайлауда аталған партияны қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық
Сайлау қорының қаражатынан төленді
28 желтоқсан 2020 ж. 1 119 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930