» ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

Билеуші партия тарапынан ұсынылған үміткерлер Бұқарбай батыр ауылындағы «Байтабын» ЖШС  ұжымымен кездесті.  Келелі кездесуге Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына  үміткерлер Ахан Кенжебаев, Еркін Базарбай, Нарбота Серәлі, Ұлжахан Тәжібаева, Әлімбек Нұрмағанбетов, Гүлзат Құрманбаева, Батыржан Жылқыбаев қатысты.

Үміткерлер аталған еңбек ұжымына партияның 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, алдағы 10 қаңтар күні болатын сайлауға бір кісідей атсалысып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Еңбек ұжымы тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту және жұмыссыздық сынды мәселелер көтерілді.
Үміткер Еркін Базарбай өз сөзінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқаратынын, партияның  мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау екенін тілге тиек қылды. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматты өз кәсібін ашуға оқытуға жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде несиелер және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға грант ұсынуға, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын кемінде 3 жаңа жобаны несиелендіруге, кәсіпкерлерді қаржылық қолдау мақсатында жеңілдетілген несиелер, кепілдіктер, лизинг пен гранттар ұсынуға ықпал ететінін жеткізді. Осы шараларды жүзеге асыру арқылы 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін 95 пайызға жеткізуге ықпал жасайтынын, нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2260 болатынын қаперге салды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы
Жалағаш аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді
---
21 желтоқсан 2020 ж. 334 0