» » ҮМІТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС

ҮМІТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС

Жалағаш ауданында партияішілік праймериз жұмыстары қарқынды жүруде. Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, бастауыш партия ұйымдарында кездесулер өткізуді бастап кетті.
Бүгін ашық, жария пікірсайыстың 2-ші күні өтті. Шараға «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Асылбек Шаменов қатысып, партияішілік іріктеуге қатысушы үміткерлерге сәттілік тілеп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатынына сенім білдірді.
Жиында 6 үміткер өз бақтарын сынады. Олар көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріп, сайыс ережесіне сәйкес өз сайлауалды бағдарламалары бойынша бір-біріне сұрақтар қойды.
Жария пікірсайыста партияның әлеуметтік желілері арқылы тікелей көрсетілім ұйымдастырылды. Қатысушы кандидаттар мен көрермендер арасында санитарлық талаптар сақталды. Жария пікірсайысқа қатысқан үміткерлер Садық Мұстафаев, Гүлсім Нұрпейіс, Гүлнар Бекмолдаева, Жақсыбек Есжанов, Нұрхан Абтикалыков, Айжан Қайранбаевалар көрермендер сауалына жауап берумен қатар өздерінің сайлауалды бағдарламарын таныстырды.

“ЖЖ” ақпарат

17 қыркүйек 2020 ж. 398 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31