» » » Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы

Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы

Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы» жобасы талқыланды.
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы» жобасын талқылау жиналысы болып өтті. Жиынға аудандық партия филиалының барлық бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Жиынды ашқан партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева - партияның жұмысын жаңғырту мақсатында тамыз айының 22-23 күндері Шымкент қаласында Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының бастауыш партия ұйымдарына арналған аймақтық форум өткізіліп, аталған форумға Жалағаш ауданынан 3 делегат қатысқаның жеткізді.
Сөз алған партия филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі, форум делегаты А.Кенжебаев – Шымкент қаласында өткізілген кеңейтілген форумның жоғары деңгейде өтіп, партияның жұмысын жаңғыртуда ақпараттар ұсынылып, Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы» жобасы аясында өз ойларымен бөлісіп толыққанды ақпарат берді.
Жиында «Қазақстан-2030» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Б.Жақанова, «Қаржыгер» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Н.Маратқызы Тұжырымдамаға өз ұсыныстарын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева – 19 қыркүйек күні бастауыш партия ұйымдары арасында аумақтық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы биыл үшінші рет өтетінің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының сайланбалы органдарының (Саяси кеңес, бюро) және бастауыш партия ұйымдары төрағаларының өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты ағымдағы жылдың қазан айының 10 мен 23 күндері аралығында барлық бастауыш партия ұйымдарының есеп беру - сайлау жиналыстарының күн тәртібінде қаралатын мәселелерді, партия мүшелерінің мүшелік жарналарының уақытылы жиналуымен төленуін қадағалауды тапсырды.
16 қыркүйек 2018 ж. 1 972 0