» » ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалына қарасты "Бұқарбай батыр ауылдық округі" бастауыш партия ұйымының ұйымдастырумен "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Әкем, анам және мен" тақырыбында эстафеталық спорт түрлерінен отбасылық сайыс өткізілді.

Отбасылық сайысқа 5 команда қатысып, жүлделі 1-орын Байхожаевтар отбасы, 2-орын Ешмахановтар отбасы және 3-орынға Райымқұловтар отбасы ие болды.

Жеңімпаз отбасыларға арнайы «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының дипломымен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара барысында "Бұқарбай батыр ауылдық округі" бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Байділдаев "Nur Otan" партиясына жаңадан қабылданған бірқатар азаматтарға партия билеттерін салтанатты түрде табыстады.
06 наурыз 2020 ж. 778 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 727

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930