» » » ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

«ҚР Тұңғыш Президенті күні» қарсаңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев бірқатар азаматтарды партия қатарына салтанатты түрде қабылдап, партия белсенділерін марапаттады.

Жиынға партия филиалының 25 бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар, саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен кент, ауыл әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері және үкіметтік емес ұйымдар өкілі қатысты.
Салтанатты шарада партия филиалының төрағасы Қ.Сәрсенбаев жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, «Нұр Отан» партиясы еліміздегі көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму биіктігімен дараланған саяси ұйым екенін атап өтті.
Көшбасшы партияның бағыты айқын, жүйелі жұмысы жұртшылыққа аян. Партия төрағасының сарабдал саясаты баршаға түсінікті. Басқосуда осылай деген партия филиалы төрағасы «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының Республикалық форумында бас­тауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасының жобасы қабылданғанын жеткізді.
Мұнан соң, партия қатарына жаңадан қабылданған білім, мәдениет, ауыл шаруа­шы­лығы және кәсіпкерлік саласының мамандарына партиялық билеттер салтанатты түрде табысталды. Сонымен бірге, жиын соңында партия белсенділері облыстық, аудандық партия филиалының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.­

Н.ҚАЗБЕКОВ.
08 желтоқсан 2018 ж. 995 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031