ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының бірінші кезеңі өтті. Әділ-қазылар алқасының құрамында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, партия филиалының саяси кеңесі бюросының мүшесі К.Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі М.Жаманов, «Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің басшысы Н.Серәлі, партия филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі А.Кенжебаев болды.
Жиында филиал төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы аталған байқау биыл үшінші рет өтіп отырғанын және мұнда 15 бастауыш ұйым партиялық жобалар аясында іске асырған жұмыстары бойынша есеп беретінін жеткізді. Елбасы Жолдаулары, «Бес әлеуметтік бастамасы» төңірегінде жасалған жұмыстар сараланды.
Байқау нәтижесінде І санат бойынша «Қазақстан-2030» бастауыш партия ұйымы І орынды иеленсе, ІІ орынды Аққыр ауылдық округі бастауыш партия ұйымы, ІІІ орынды Қаракеткен ауылының бастауыш партия ұйымы алды. ІІ санат бойынша Бұқарбай батыр ауылдық округі бастауыш партия ұйымы үздік деп танылса, ІІ орынды Аққыр ауылы бастауыш партия ұйымы, ал ІІІ орынды Қаракеткен ауылы бастауыш партия ұйымы иеленді. ІІІ санат бойынша өткен жылдан бері ауқымды жұмыстар атқарып, жақсы нәтижеге қол жеткізген «Дарын» бастауыш партия ұйымы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарға арнайы диплом табыс етілді.
«ЖЖ» ақпарат.