КӨШБАСШЫ ПАРТИЯНЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫН
"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен партия филиалының кезекті XХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Жиынға партия филиалының 25 бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар, саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен кент, ауыл әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Басқосуды партия филиалының төрағасы жүргізіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді назарға ұсынды. Алдымен конференцияның президиумы, мандат комиссиясы, секретариат және редакциялық алқа құрамына ұсынылған кандидатуралар таныстырылып, көпшіліктің дауысымен конференцияның басшы органдары сайланды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева баяндама жасап, партия филиалы саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстарын хабарлады.
– Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының басқарушылық рөліне айрықша мән беріп, алдағы маңызды міндеттерді үнемі айқындап қана қоймай, олардың мүлтіксіз орындалуына ерекше назар аударып келеді. Кез келген партияның саяси деңгейі оның сайлауалды бағдарламасының орындалуымен бағаланады. Соған сәйкес, біз партияның сайлауалды бағдарламасындағы мақсат-міндеттерді, Ұлт жоспары 5 институционалдық реформасын жүйелі жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамды атқарушы билікпен бірге жүйелі, уақытылы орындауға күш салудамыз. Партия аудандағы саяси мәселелерге жете көңіл бөліп келеді. 2017-2018 жылдарда партия қатары 299 мүшеге артып отыр. Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір болып табылады. Қоғамдық қабылдауға өткен жылдардан бері түрлі мәселелер бойынша тұрғындардан өтініш келіп түсті. Нәтижесінде, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселері бойынша 147 өтініш оң шешімін тапса, 167 азаматқа құқықтық, заңгерлік кеңес беру көмегі көрсетілді. Ал, жер телімдері мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша келген 72 азаматқа да тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Әділет кеңес береді», «Жолда қабылдау» акциясы мен кәсіпкерлерге заңгерлік кеңестер беруге бағытталған «Бизнестің жол картасы – 2020» акциялары аясында көшпелі қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде өткізілді, – деді Қаншагүл Шоңмұрынқызы.
Елбасы мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасап, олардың құқықтарының қорғалуы төңірегінде заңнаманың сақталуын барлық құзырлы органдарға міндеттеген болатын. Бұл бағытта да партия филиалының басшылығы қоғамдық-партиялық мониторинг жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.
– «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық партия филиалынан құрылған партиялық бақылау комиссия мүшелері әлеуметтік нысандарға барып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімділігіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Кейбір ғимаратқа кіретін арнайы пандустардың талапқа сәйкес келмейтіндігі анықталып, мекеме басшыларына ескерту берілді, – дейді Қ.Мұстафаева.
Иә, қоғамда түрлі мәселелер бар. Соның ішінде, кісі ақысын жеп, жұмысшыларына келісілген қаржыны беруге құлықсыз жандар да кездеседі. Жалдамалы жұмыс жасап, еңбек ақысын ала алмай, әбігерге түскен жандар да партия есігін қағыпты. Қоғамдағы олқылыққа бей-жай қарай алмаған нұротандықтар дереу тексеріс жүргізіп, мәселенің оң шешімін табуға ықпал еткен. Мұнан басқа да мұндағы мамандардың атқарған келелі ісі көпшіліктің көз алдында. Халықпен тығыз байланыс орнатып, түрлі мәселелердің шешілуіне ұйытқы болып жүрген партиялықтар "Мүлдем төзбеушілік" қағидасын қалыптастыруға да білек сыбана кіріскен. Партия филиалының атқарған жұмыстары еленіп, өткен жыл қорытындысымен партиялық жобаларды белсенді жүзеге асырғаны үшін «Жобалар жанашыры» және жаңа идеялар мен бастамалардың игілігі нәтижесінде «Жаңашыл филиал» номинацияларымен марапатталды. Сондай-ақ, "Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі" қызметі бойынша облыстық деңгейде 2 орын иеленді.
Ал, қарттарымызды қадірлеуге, үлкенге ізет, құрмет көрсетуге және олардың ғибратқа толы өмір жолын жастарға үлгі ететін партияда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бар. Бұл бағыттағы шаралар да өңірде сәтті жүргізіліп, өз жалғасын тауып келеді. Мұны партиялықтар конференцияда мәлімдеді.
– «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жалғызбасты және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген тыл ардагерлерінің үйіне түрлі көмек тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Ауданға қарасты 14 ауылдық округте тыл ардагерлеріне бастауыш партия ұйымдары арқылы тоқсанына бір рет аула жұмыстарына қолғабыс берілуде. Сонымен қатар, қарттар күні мерекесіне орай Мәдениет ауылдық округінде екі жүзден астам ардагерге құрмет көрсетілді. «Денсаулық» бастауыш партия ұйымында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасымен «25 игі іс» акциясы бойынша үнемі ардагерлерге медициналық көмек көрсетті. Сонымен бірге, «Кедергісіз келешек», «Ұлы Дала Қазынасы», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ», «Тарлан тарих тағылымы», «Сәтті қадам», «Жастар Отанға» және басқа да партиялық жобалар аясында біршама игілікті істер көрініс тапты. Алдағы уақытта партияның алға қойған міндеттері мен бағдарламаларын орындауда және партия беделін арттыруда аянбай еңбек ететін боламыз, – деді есеп беру жиынында сөз алған нұротандықтар.
Сонымен бірге, конференцияда Елбасы жариялаған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, партия филиалының саяси кеңесінің жаңа құрамын анықтау және Қызылорда облыстық партия филиалының кезекті ХХІІ конференциясына делегаттар сайлау тақырыптары күн тәртібіндегі келесі мәселелерге арқау болды.
Атқарылған жұмыстар айқындалып, ел алдында таразыға түскен келелі жиында партия жанынан құрылған "Жас Отан" жастар қанаты бөлімшесінің басшысы Нарбота Серәлі, Жалағаш аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Ерхан Бақбергенұлы да партия филиалымен бірлесіп атқарылған игі істерді баяндады. Сондай-ақ, олар алдағы жоспарларымен бөлісіп, жаңа идеяларды жүзеге асыруға жұмыс жасап жатқанын жеткізді.
Көшбасшы партияның бағыты айқын, жүйелі жұмысы жұртшылыққа аян. Партия төрағасының сарабдал саясаты баршаға түсінікті. Конференциядан келелі ой түйген көпшіліктің пікірі осыған саяды.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,
Маханбет АХМЕТОВ (сурет).