» » ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ

ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ

Баршамызға белгілі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың сайлауы өткі­зілетінін хабарлаған болатын. Ау­дан­дағы сайлау жұмысының жай-күйін білу үшін «Nur Otan» партиясы Жа­лағаш аудандық филиалы төра­ғасының бірінші орын­басары Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұ­рын­қызымен сұхбаттасқан едік.
– Қаншагүл Шоңмұрынқызы алдағы саяси науқанға сәттілік тілейміз, дайындықтарыңыз қа­лай?
– Биылғы сайлау бұрынғы сай­лаулардан ерекше өткелі тұр. Ауданымызда 13 мүшеден жасақ­талған сайлауалды қоғамдық штаб құралды және 78 сенімді өкіліміз бен 35-ге тарта еріктіміз бар.
– Қаншагүл Шоңмұрынқызы өз сөзіңізде сайлаудың ерекшілігін атап өттіңіз, несімен биылғы сайлау ерекше?
– Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болады. Биылғы сайлаудың ерекшелігі алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді.
– Партиялық тізім бойынша қанша кандидат жасақталды? Бұл кандидаттарды қалай іріктеп алдыңыздар?
– Партиялық тізім бойынша аудандық мәслихат депутаттығына 24 кандидат, ал облыстық мәслихат депутаттығына 3 кандидат жасақталды. Баршамызға белгілі биыл партияішілік праймериз жұмыстары өткізілген болатын, осы праймериз әдісі арқылы көшбасшыларымызды анықтап, партиялық тізімге енгіздік.
– Алдағы науқанға қатысқалы жатқан партиялық тізім бойынша кандидаттардың сапалық құрамы туралы айтып өтсеңіз...
– Кандидаттардың сапалық құрамына келер болсақ, әйелдердің үлесі 33 пайызды құрайды, ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 25 пайызды құрады. Орташа жас ерекшелігі – 43 жас.
– Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы қысқаша айтып өтсеңіз...
– Партияның сайлауалды бағдарламасы ағым­дағы жылдың 11 қараша күні партияның аудандық конференциясында бекітілді. Сайлауалды бағдарлама негізгі 7 басымдықтан тұрады. Олар экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан, жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар және қауіпсіз аудан.
– Қаншагүл Шоңмұрынқызы науқан уақытындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы туралы айтып өтсеңіз, олардың міндетіне не кіреді?
– Қоғамдық қабылдау бөлмелері ағымдағы жылдың 11 желтоқсанынан 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін құрылады және жұмыс істейді. Электоралды науқан кезеңінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің міндеттеріне партияның сайлауалды бағ­дарламасын халық арасында насихаттау және түсіндіру, сайлаушылардан түскен ұсыныстарын, тілектерін жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
– Қазіргі күрделі кезеңде үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізіледі?
– Үгіт-насихат уақытында барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылар әлеу­меттік қашықтық сақтай отырып, көп адам жинамай және маска режимін сақтай отырып жұмыстар жүргізетін болады.
– Еліміздің саяси жүйесінде тұңғыш рет партия тізімі бойынша өтетін саяси додаға сәттілік тілейміз! Жалпы аламанға қатысуға ниет білдірген партиялық тізімдегі кандидаттарға не айтасыз?
– Ел мүддесі үшін еңбек етемін деген партиялық тізімдегі кандидаттарды қоғамдағы өзекті мәселелерін шешуде, әлеуметтік мәселелер бойынша партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына, ел игілігі жолында аянбай қызмет жасайды деген сенімім мол.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Гаухар Қожахметова

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді
12 желтоқсан 2020 ж. 553 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930