Үміткерлер кәсіпкерлермен кездесті
Бүгін "Nur Otan" партиясының Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қаншагүл Мұстафаева, Ахан Кенжебаев, Ерхан Бақбергенұлы, Құралай Мамзадаева, Алпамыс Қожанияз ауданымыздағы кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлерге «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары түсіндірілді.
Басқосуда халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың маңызы зор екені айтылды. Ол үшін жетекші партия мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеуші кәсіпорындар ашу керектігін баса айтты.
Басқосуда халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың маңызы зор екені айтылды. Ол үшін жетекші партия мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеуші кәсіпорындар ашу керектігін баса айтты.
– Келер жылы 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өңдеу цехын, «БИС Групп» ЖШС-ның мия тамырын өңдеу зауытын қайта іске қосу назарға алынғанын жеткізді. Ал 2022 жылы асыл тұқымды ешкілер санын көбейту арқылы ет өндіру және ешкі сүтін өндеу, шөп түйіршігін өндіру цехын ашу, картоннан қағаз өнімдерін шығару, жүннен көрпе, көрпеше жасау цехын ашу, асфальт бетон зауытын іске қосу, жеке медициналық орталық ашу, жарық шамдарын шығаратын, комбикорм өндіретін және тәулігіне 60 тонна күрішті өндеу, жиһаз, сүт өнімдерін өндіру цехын ашу жоспарда болса, 2023 жылы күйдірілген кірпіш өндіру зауытын, 2025 жылы құс етін, бақша дақылын өндеу цехын ашуға ықпал етеміз. Бұл шаралар 2025 жылға қарай 4,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 4,7 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді, – деді үміткер Қаншагүл Мұстафаева.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға тұщымды жауап берілді. Үміткерлер жергілікті кәсіп иелерін 10 қаңтар күні болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы
Жалағаш аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді
Жалағаш аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді