» » Халық қалаулысы ауданда

Халық қалаулысы ауданда


Бүгін Жалағаш ауданына қарасты М.Шәменов ауылдық округіндегі Ә.Бердаулетов атындағы №34 орта мектебінің акт залында «Nur Otan» партиясы атынан сайланған № 10 Жалағаш сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Байназарова Райкүл Мәнсұрқызы өз сайлау округіндегі сайлаушылармен кездесті. 
Кездесуге қатысқан «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы - "Nur Otan" елдің, халықтың партиясы. Партияның әрбір мүшесі халықпен бірге болып, олардың мұң-мұқтажын шешуге, билікке жеткізуге жұмыс жасау керек. Осы орайда партия мүшелерінің белсенділігін арттыруға, азаматтармен және әр адаммен жеке диалог орнату жұмысын жандандыруды межелеп отырғаның жеткізді. 
Шәменов ауылдық округінде халықпен кездесті Кездесу барысында Р.Байназарова жыл бойына атқарылған жұмыстарға тоқталып, халық алдында есеп берді. Және де қазіргі таңда халыққа көптеген жұмыстардың атқарылып жатқандығын жеткізілді. Өз кезегінде тұрғындар тарапынан сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Халықты толғандырған мәселелер көтеріліп, жұртшылықтың талап-тілектері ескерілді.
21 қараша 2019 ж. 861 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 787

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031