» » Үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесу

Үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесу

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында   Сенат депутаты Дана Нұржігіт, «Nur Otan» партиясы  Қызылорда облыстық филиалының сайлауалды штаб мүшесі Наурызбай  Байқадамов және  «Nur Otan» партиясының облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қаншагүл Мұстафаева, Имамзада Шағыртаев, Әліби Бекжановтар Жалағаш ауданының үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесті. Басқосуда  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ерекшеліктері, басты басымдықтары жайлы айтылды. Кездесу барысында жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын, тұрмыс-тіршілігін арттыру үшін «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жыл бедерінде қажетті шараларды қолға алып, нақты қадамдар жасап жатқаны кеңінен баяндалды. Халық қалаулысы болуға үміткерлер  халықтың сындарлы ұсыныстарын қолдайтынын және өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізуге дайын екендіктерін жеткізді.   Сайлаушылар тарапынан «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасының түрлі  бағытты қамтыған  жоспарларының ауқымды екендігі, оған тұрғындардың үлкен қызығушылық танытып, жоғары баға беріп отырғандығы айтылды. Кездесуге келген үкіметтік емес ұйым мүшелері 10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей атсалысып, өз таңдауларын жасайтынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы
Жалағаш аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді
23 желтоқсан 2020 ж. 310 0