» » Жалағаш ауданының тұрғыны заңсыз қару алып жүрген

Жалағаш ауданының тұрғыны заңсыз қару алып жүрген

Қызылорда облысы бойынша өтіп жатқан «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 25 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Жанадария ауылы орталығында 42 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатып тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ, «ТОЗ» маркалы, 16 калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482 – бабымен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
26 тамыз 2021 ж. 402 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31