» » БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Балалардың қуаныштан бал-бұл жанған жүздерін көру үшін қандай еңбектің де артығы жоқ. Өйткені бала – бауыр етің, жүрегіңнің бөлшегі, көңілдің нұры, көздің қуанышы, өміріңнің жалғасы. Мынау дүниені тек жақсылықтан тұратынын кішкене жүрек көзімен көретін балалар – өмірдің мәні.

Жыл сайын білім күні қарсаңында ұйым­дас­ты­ры­латын «Мектепке жол» акциясының мақсаты да балаларға қуаныш сыйлап, игі істің бастамашысы бо­­­луға шақыру. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да аталған акция аясында бірнеше бала оқу құрал­да­ры­мен қамтылды.
Аудан орталығындағы «Иманқұл» мешітінде ұйым­дас­тырылған қайырымдылық шарасында мешіттің бас имамы Айбек Мәдиев асыл дінімізде де өзгеге көмек берудің сауабы мол екенін айтты.

– Қайырымдылық – біздің адами құнды­лы­ғы­мыз­дың бастауы. Пейілдің кеңдігі, көңілдің дар­­xан­дығы жарасатын ұлтымыздың дәстүрлі ді­ні – ис­лам қағидалары да мұқтажға қайырым көр­сетіп, же­тімге жәрдем беруді құптайды. Өмір бол­ған соң адам басында түрлі жағдайлар болады. Бірақ ел болып, xалық болып бірлігімізден ажы­ра­май, әр­да­йым жақсылық жасауға ұмтылып, жабыр­қаған­ның жанынан табылудамыз. Бұл да болса аудан xал­­қының береке-бірлігінің бір көрінісі деп айтсақ бо­ла­ды, – деді аудандық мешіттің бас имамы Айбек Мәдиев.

Иә, расында білім күніне асыққан әрбір балаға қажетті оқу құралдары ғой. Жаңа оқу жылы бас­тал­ғанда әрбір ата-ана балаларын жаңа киіммен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткісі келеді. Алай­да, бұл көптің көңіліндегі мәселе болғанмен, бір үйден бірнеше бала мектепке баратындықтан, кейде мүмкін болмай жатады. Дегенмен осындай жағ­дайда ақжүректі азаматтардың арқасында ба­лалар құралсыз қалып жатқан жоқ. Мешіт има­мы­ның, жамағатының себепкер болуымен көмекті қа­жет ететін отбасылардың жаңа оқу жылының дайын­ды­ғына үлес қосамын деушілер қатары көбейді. Жақ­сы­лық­ты істеуге ниет еткеннің өзі сауап демекші, олар­дың тарыдай ғана берген көмегі біраз баланың таудай талабын шыңдады деуге болады. Мешіт төрінде ұйым­дастырылған шарада оқушыларға сөмкелер мен оқу құралдары табысталды. Игі шараның куәгері бол­ған ата-аналар балалары үшін қуанышқа бөленіп, өз тараптарынан шексіз ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, биыл облыста мыңнан аса оқу­шы акция аясында қажетті оқу құралдарымен қам­та­ма­сыз етілді. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық қоры» және ерікті кәсіп­кер­лердің себепкер болуымен жылдағы дәстүр қайта жаңғырды.

Нұр НАУАН

08 қыркүйек 2021 ж. 117 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930