» » БАЛАНЫҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

БАЛАНЫҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ҮШІН ЖАРАЛҒАН



Дүние есігін ашқан әрбір бала бақытты әрі жайлы өмір сүруге лайықты. Өкініштісі, елімізде туа бітті тағдыр тауқыметіне ұшыраған балалар көп. Бірақ, олар мүмкіндігі шектеулі болса да, өмірге құштар. Әлбетте, мұндай жандардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады.

Аудандық білім бөліміне қарасты «Жалағаш ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» өңірдегі ерекше қажеттіліктері бар балаларға  арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Шарада ерекше жағдайдағы балалар жасыл шыршаны айналып, ән салды, бірі тақпақтарын айтты. Байқағанымыздай, жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер санаулы күндерден соң төрімізге шыққалы тұрған Жаңа жылдың маңызын, мерекенің мәнін түсініп, доңыз жылынан тек қана жақсылық пен табыс тілейтіндерін жеткізді. Өздеріне көңіл бөлген аға-әпкелеріне алғыстарын жаудырып, балалық ақ тілектерін айтты. Айта кеткен жөн, шара барысында аудандық «Иманқұл» мешітінің бас имамы А.Мәдиев, мәдениет және өнерді дамыту орталығының басшысы Ғ.Сүлейменов бүлдіршіндерге Жаңа жылдық сыйлықтар, тәттілер үлестіріп, әр баланың жүрегіне қуаныш сыйлады. Ал, ата-аналар болса мекеме басшысына, мамандарға алғыстарын жаудырып, шығармашылық табыс тіледі.  
Мереке қарсаңында қайырымдылық жасап, балаларға шексіз қуаныш пен шаттық сыйлаған абзал жандардың игі істеріне біз де қуандық. Аудандағы жақсы істер, жарқын бастамалар жалғасын таба берсін демекпіз.

Н.АЛМАСҚЫЗЫ.
26 желтоқсан 2018 ж. 761 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930